Өлең, жыр, ақындар

Жылына 5 ай бойы күн көрінбейтін қала

Норвегиялық Рьюкан қаласының тұрғындары шынында да қыркүйектен наурызға дейін — 5 ай — күн көзін бір көруге зар болып қалады.  

Мәселе адамның физикалық ахуалында ғана емес, моральдік күйінде де — қысқы мерзімде депрессияға шалдыққандардың саны адам нанғысыз мөлшерге артып кетеді.   

Бұның бәріне қаланың сәтсіз — барлық жағынан таулар қоршап, ойпаң жерге орналасып қалғаны кінәлі.

Бірақ 1913 жылы Рьюкан қаласының негізін қалаған Сам Эйде аздап ессіздеу идеяға: таулардың шыңдарына айналарды орнату идеясына бас ұрады.   

Алайда, өткен ғасырдың бас кезінде бұндай істі тындыру оңай шаруа емес еді, сондықтан бұл эксперимент сәтсіздікке ұшырады.  

2005 жылы суретші және түнек қаланың тұрғыны Мартин Андерсеннің арқасында қала басшылығы бұл идеяны тағы да еске алды.

Енді міне, күрделі әдіс-амалдардың және 5 млн норвег кронының (224 250 000 теңге) арқасында 2013 жылы үш айна орнатылды.

Олардан шағылысатын жарық қаланың басты алаңына тураланды. Жергілікті тұрғындардың көңіл күйі мен хал-жағдайы іле-шала жақсарып сала берді.  

Сонымен қатар қалаға туристер де көптеп келе бастады. Олар енді шаңғы мен сноуборд теуіп қана қоймай, айрықша айналарды да көріп тамашалай алады.  


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (4)

Болат

Алматыда да жылыту маусымы басталғаннан күн көрінбей, улы газбен уланып отырамыз. 6 ай. Денсаулыққа зияны бөлек депрессияда, стрессте артып кетеді.

Jamila

Almatyny jog'arydan qarag'anda saig'a salg'an eken! Sentabrde (ku'zde) barg'anda mawinanyn'(tu'tini)isteri til'p, tez warwap qaldyq! Biraq;jer qozg'alsa u'leri myqty eken!

Нұлан

қызық жерде орналасқан екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар