Көзіңді ашып, оян. Сені күн сайын әр түрлі, жаңа нәрселер күтіп тұр. Өмірдің қызығын, тәттісін жіберіп алма. Қараңғы түнектен жарық жұлдызды іздеуге тырыс. Қолыңнан келмесе, азғантай уақытқа тоқта, содан кейін жалғастыр.
Сұрғылт реңктегі өмірден алшақтағың келсе, төменгі қағидаларға жүгінсең болады:
• Жатпа, еңбектен! Әйтпесе өміріңді зая кетіріп аласың.
• Қажетсіз ақпаратты сақтама, ең негізгісі жүрекке жақын ұстама. Артық нәрсе жаныңды тергейді, алаңдатады. Сен уайымдайсың. Бұл денсаулыққа залалын тигизеді. Ал бізге ол тіптен керек болмас.
• Өмірдің ащы тұстарын қабылдай біл. Оңай емес, білемін. Алайда ғұмыр кешу оңай деп кім айтты?
• Жан қалауын қандырып ал. Өзің жақсы көретін тағамыңды же, ақылыңды сергітетін кітап оқы, көңіліңді жұбататын ән тыңда.
• Өмірдің сәттерінен ләззат ал. Дәл осы қағидамды маңызды деп есептеймін, себебі өмір ертең қандай тосын сый әкелетінін білмейсің, сондықтан дәл қазіргі сәтіңнен раxат алуың керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
20.03.2024 14:17
13.03.2024 22:14
29.02.2024 16:27
27.02.2024 17:21
09.02.2024 12:34
18.03.2024
18.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
04.03.2024
27.02.2024
25.02.2024
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі