Өлең, жыр, ақындар

Шешім қабылдау барысында назардан тыс қалатын жайттар

Әбден байыбына барып, жете ойластырылған байламдар (шешімдер) неге сәтсіздікке тап болып жатады? Бұның себептерінің бірі — адамның барлық түйінді факторларды қаперге алуды ұмытып кететіндігінде. Екінші себебі — біздің әрқайсысымыздың өзімізге ғана тән қаперден қалтарыста қалатын тұстарымыздың болатындығында. Blindspot Analysis техникасы осындай қалтарыс тұстардың тізімін түзіп, байлам жасауда жүйеленген тәсілді қолдануға септігін тигізеді.   

Қалтарыс тұстардың негізгі түрлері  

Бұрыс болжам

Байламдардың көбі долбар-болжамдар негізінде жасалады. Бұл ретте байламдардың айғақтарға сүйенгені, ал тақырыптың өзі жете зерттелгені маңызды.  

Долбарлардың қауіптілігі сол, олар мызғымас берік болып саналады. Бірақ іс жүзінде олар сүйенуге жарамас сылдыр су болып шығып жатады. Мысалы: «Сатып алушы әрқашан арзан нәрсені сатып алады», «Әйелдер қауымы қызғылт түсті жақсы көреді» деген долбарлар.  

Қапердегі қалтарыс тұстарды қалдырмау үшін:

◎ болуы мүмкін барлық долбарларды, тіпті кереғарларын да, тізіп шыққан жөн;  

◎ олардың нақты осы жағдайда дұрыс-бұрыстығын мұқият тексеру қажет. Адам шынымен-ақ көбінесе бағасы арзан затты сатып алады, бірақ нақты осы жағдайда олай болмауы да мүмкін — қалай болары көптеген факторларға байланысты.  

Антипаттерн

Қалтарыс тұстарға сіздің істеп жүрген жұмысыңыздан бас тартып, оны жаратпай, бұл ағымдағы жобаны жүзеге асыруды доғару болса да, ақшаны, ресурстарды және уақытты басқа нәрсеге салу кіреді.  

Логика тұрғысынан бұндай жағдайда біздің мынандай әрекет ету нұсқаларымыз бар:  

◎ Шаруаны немесе жобаны тастап кету.  

◎ Бүкіл ақшамызды, күш-қуатымызды және уақытымызды басқа шаруаға жұмсау.  

◎ Әйтеуір бір жүзеге асуы үшін ағымдық жобаға көбірек инвестиция салу.  

Үшінші нұсқа әсіре экстремалды, дегенмен, кей кездері ол да іске жарап жатады. Алайда бұлай болуы үшін өзіңе және әркімнің бойынан табыла бермейтін интуицияға сену қажет. Адамдар көбінесе өзддеріне шамадан сеніп кетеді де, қолында бардың бәрінен айырылып қалып жатады.

Психологиялық тұрғыда бұл болашағы баянсыз жобаға салынып зая кеткен күш-жігер үшін түпсанадағы өкініш түрінде көрініс береді. Осы себепті өз сезім-түсіктеріңізді талдап, дұрыс байлам жасаңыз.

 ③

Туннельдік көзқарас

Сізге қалтарыс тұстар ықпал етіп тұрған кезде сіз тек алдыңыздағы нәрселерді ғана көресіз және жалпы көріністі байқауға қауқарсызсыз.  

Егер сіз туннельдік тұрғыдан қарап тұрғаныңызды сезсеңіз және сіздің перспективаңыз шектеулі болса, бар нұсқалардың бәрін, бір қарағанда олар біртүрлі оғаш сияқты болса да, қарастырып шығу жөнінде шешім жасаңыз.   

Өзіне-өзі сенушілік  

Өзіне-өзі сеніп кеткендіктен шығатын қалтарыс тұс «белгісіздердің белгісіздері» — бар екені жайында еш ойламаған проблема жағдайында пайда болатын тәуекелдерге мән бермеуден шығады.  

Осындай түрдегі қалтарыс тұстың біртұрпатты мысалдары мыналар бола алады:  

◎ Болжамдарды нақты айғақтардай көру.  

◎ Дау тудырмайтын жорамалдар (логика тұрғысынан қате болып табылады, өйткені дау тудырмайтын нәрселер тек айғақтар бола алады).

◎ Болуы ықтимал сценарилерді ғана қарастыру және ережеден тыс нәрселерді көзге ілмеу.  

◎ Жорамалдарды растайтын айғақтарды ғана іздеу.  

◎ Бұрындары пайдаға жараған интуиция болашақта да жарай береді деп ойлау.   

◎ Көлемі үлкен орташа ақпаратты таңдауға болатын нұсқа аз, бірақ сапалы және тексерілген ақпараттан жақсы деп жорамалдау.   

 ⑤

Жылдам ой түю  

Логика тұрғысынан қате немесе ақпараттың жеткіліксіздігінен байлам жасалған кезде осы қалтарыс пайда болады.   

Адам корреляцияны себепті байланыспен шатастырып алуы мүмкін. Корреляция бір уақытта болып жататын екі жағдайдан құралады. Мысалы, жалғыз басты ата-аналары тәрбиелеген балалар әкесі де, шешесі де бар үйде тәрбиеленген балалардан нашар оқитынын көрсетуі мүмкін. Бұл корреляцияның жақсы мысалы, бірақ себеп-салдық байланыстың нашар мысалы бола алады. Жалғыз басты ата-аналардың ақшасы ерлі-зайыптылардан азырақ, және дәл осы негізгі себеп болуы мүмкін

Байлам әдемі болып көрініп тұрған дәлелге байланысты жасалатын жағдай тағы бір себеп бола алады.  

Қалтарыс тұстардан қалай аулақ жүруге болады?  

Бірінші қадам: қалтарыс тұстың бар екенін мойындау. Көбінесе осы кезеңнің өзінде-ақ дұрыс байлам жасауға болады.  

Қалтарыс тұстардан құтылу жөніндегі тағы ақыл-кеңес:  

◎ Тұжырым сатысы техникасын қолданыңыз.

◎ Егер осы шешімді жасасаңыз, ненің дұрыс болмай қалатыны жөнінде жоспар құрыңыз. Сіз ақпараттағы олқылықты көріп, өзіңізге әсіре сенушілігіңізді азайта аласыз.  

Сізге сәттілік тілейміз!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз