Арман. Бір ауыз сөз болсада көп мағынаға ие. Армандаймыз армандау арқылы мақсат қоямыз. Адам өмірі сонысы мен қызықты ғой - армандайсың, мақсат қоясың. Сол арқылы өмірімізде сан түрлі қызықтар мен кедергілерге тап боламыз. Сөйтіп өмір атты кемеде жүріп қалай өміріміз өтіп бара жатқанын, пенде, шіркін, байқамаймыз ғой... Адам боп дүние есігін ашқан соң, Алланың сынағына да төзу үшін келеміз. Әр адамның өз тағдыры бар,өз жолы, өз армандары мен мақсаттары бар. Әр адамның өмір жолы әр қилы.
Сол өмірімізде біз үшін қымбат жандар болады. Ол әрине ата-анамыз, достарымыз, ағайын, туыс - бауырларымыз болса, енді бірі өмір атты алыс жолды сенімен бірге жалғастырар жанның. Ол жанды тандар сәтте қателеспеу керектігін мен айтпасамда білесіздер. Сол айтқанмен де өткінші сезімнің етегіне еріп шанырақтары шайқалып жатқан жастар қаншама десеңізші...Солардың барлығы жиналып келіп елдегі жетімдікке және ажырасуға алып келеді.
Жалпы өміріміздегі әрбір сәтті өзіндік мәні бар. Жақсы көретін адамыңызды көргенде сіз қандай сезімде боласыз? Сол сезімді бір рет есіңізге түсіріп көріңізші... Керемет қой, иә? Иә, ондай сезімдерді бәрі басынан өткізіп көргені анық... Кей кездері жанымызға адамдарды жиі сағынамыз. Ол жанмен кездескен кездегі сезімдерімізді сөзбен айтып жеткізу қиының қиыны екені хақ. Сіз үшін махаббат деген не? Мен үшін ол қайталанбас сезім екенін айтқым келеді. Махаббат деген ол жанның жаныңда өзіңді еркін сезіну, уақыттың тоқтап қалғанын тілеп, кездесу сәтін асыға күту .Уақыт бізге бағына ма? Қанша сүйген адамның қасында ұзақ қалғын келсе де, кездесуді қаласаң да, сен үшін уақыт еркіне мүлдем бағынбайды. Ол қанша сенен жырақта болса да сен оны жақсы көруді тоқтатпайсың. Мейлі араласпай кетсеңде, жүрегіңнің түбінде сол жанға деген орын мәңгі бос болады.Оның қылықтарының бәрі сен үшін ерекше. Бәрі жағымды көрінеді. Неде болса бәрін сол жанмен көргін келеді. Аш болсан да, тоңсан да, тек сол жанмен болғанынды армандайсың. Бәрін де сол жанмен өткізгің келеді.Міне осындай сезімдер мен үшін орны бөлек.Бұл сезімдерсіз дүние бос.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Модератор
Сайысқа қосу үшін «Сайыс2019» бөлімін таңдау керек,