Өлең, жыр, ақындар

Жетістікке жетелейтін тәртіп

Өміріңіздегі жеңіс пен жеңілістеріңіздің басты факторларының бірі — тәртіп. Сіздің мақсатыңыз бен арманыз немесе байлық пен абыройыңыз, бақытыңыз тәртіптің сақталып-сақталмауына қатысты.

Тәртіп — қатты қалап жүргеніңе қолыңды жеткізу үшін істегің келмей тұрғаныңды істеу.

Джон Максвелл

Ниеттіңіз бен арманыңыздың ақиқатқа айналуы арасында тәртіп тұр. Өміріңіздің нәтижесі мен 5-10 жылдан соң қандай жағдайда болатыныңыз сол тәртіпке байланысты. Өзіңізді тәртіпке үйретуіңізге өзіңіз мәжбүрсіз, өйткені белгілі бір жастан кейін бұны ешкім істемейді.

Тәртіп — жеңіліс пен түңіліске апарар өмірдегі сылбыр қозғалыстың орнына ағынға қарсы жүзіп, мойымай әрекет ету қабілеті. 

Кездейсоқ болған сәтсіздіктер адамды мүмкіндіктен айыратын кезі сирек. Көп жағдайда біз сынаққа дайын болмай шығамыз да, сол себепті сәтсіздікке ұшыраймыз. Егер сіз емтихан тапсыра алмасаңыз немесе жұмысқа алатын кісімен сұхбаттасудан өте алмасаңыз, бұның себебі — сіздің дайындығыңыздың жеткіліксіз болғандығында.

Үлкен сәтсіздік — тәртіп деңгейінің төмендігі мен өз мүддеңе сай әрекет ете алмауыңнан пайда болған кішкентай жеңілістердің жиынтығының салдары. Тәртіпке ие болмаған адамдар өзінің көңіл күйі мен әлсіздігінің құлдары болып табылады. 

Сәтсіздік біз ештеңе істемейтін кезде келеді. Біз күнімізді босқа жұмсап, жалқаулыққа бой алдырамыз және бұны дұрыс деп білеміз. Бар-жоғы бір күн-ақ емес пе, онда тұрған не бар?! Алайда осы күндерден сіздің өміріңіз құралады. Сіз ерініп, керекті нәрсені істемейтін әр күн сайын кішкентай жеңіліске тап боласыз. Бұл кішкентай жеңілістер шоғырлана келе үлкен жеңіліске және сәтсіз өмірге айналады.

Жетістік те дәл осылай әрекет етеді. Егер сіз жеткілікті түрде тәртіпті болып, керекті нәрсені істеуге өзіңізді мәжбүрлей алсаңыз, бұл жақсы. Кішкентай ғана жеңістерден үлкен жетістік құралады. Тәртіп мүмкіндіктерді өзіне тартып, үлкен мақсаттарға жетуге сеп болады.

Орыстың ұлы қолбасшысы А. Суворов айтқандай: «Тәртіп — жеңістің алғашқы нышаны». Тәртіп сіздің армандарыңызға, қанағат сезіміне, байлыққа және өзіңізге риза болу сезіміне апарар жолды ашады. Біреулер үшін бәрі тәртіптен бастау алады, ал басқа біреулер үшін бәрі жалқаулыққа байланысты аяқталады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Көркем

Барлығы дұрыс айтылған

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз