— Адам денесі жүгірген кезде отырған кездегіден 7 есе артық энергия жұмсайды.
— Айдың бетінде елу мыңға жуық кратер (ойық) бар.
— Піл тұмсығымен 6 литрге жуық су ала алады.
— Акуланың тістері көлікті бөлшектеп тастайтындай күшке ие.
— Бүркіттер олжасын 3000 метр қашықтықтан көре алады.
— Керік жүрегінің салмағы 11,5 келіден ауыр.
— Күн бетінің температурасы 6000 келвин дәреже. Осындай температурадағы тігін инесі адамды 150 километр қашықтықтан өлтіре алады.
— АҚШ-тағы Ниагара сарқырамасында секундына 63 миллион литр су ағады.
— Жарықтың жылдамдығы жерді бір секундта 8 рет айналады.
— Император пингвиндері 44 градус суықтыққа шыдай алады.
— Адамның құлағы төрт жүз мың түрлі дауысты ажырата алады.
— Ең соңынан анықталған Плутон планетасы 1930 жылы табылған.
Назар аудар:
Қызықты деректердің ең ауқымды жинағы
Жануарлар туралы қызықты деректер
Адам денесіне қатысты қызықты деректер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Болат
Қызықты мәліметтер екен