Алматылық оқушылар нормадан 2-3 есе ауыр сөмке арқалап жүр. Бұл туралы Алматы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова айтты.
Департамент басшысының айтуынша, қазір қаладағы 254 мектепте 266769 оқушы оқиды. Сонымен қатар, 28 арнайы интернатта 7593 оқушы білім алып жатыр.
Мемлекеттік мектептерде бала саны тым көп болғандықтан, орын жетіспеушілігі 30%-ға жетті.
«Бірінші сынып оқушыларының сөмкесі нормадан 2-3 есе ауыр. Ал 5-6 сынып оқушыларының сөмкесі қалыпты көрсеткіштен 3-4 есе ауыр. Жалпы 5-сынып оқушылары үшін сөмкенің салмағы 2,5 келіден аспауы тиіс. Ал қазір оқушылар 6-9 келі сөмке арқалауға мәжбүр. Бірінші сынып оқушыларының сөмкесі 1,5-2 келіден аспауы тиіс. Ал шын мәнінде балалар 4-4,5 келі сөмке көтеріп жүр», - деді баспасөз мәслихаты барысында департамент басшысы Айзат Молдақасымова. Оның айтуынша, мектеп сөмкесінің салмағы қалыптан тыс болса сколиоз, остеохондроз сияқты ауруларға әкеп соқтыруы мүмкін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі