Ақыл жастан

Басты бет / Әңгімелер мен мақалалар / Ақыл жастан

Ақыл жастан — Әңгімелер мен мақалалар бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.

Егер сіз Ақыл жастан бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.

Торайғыр мен Шоң — Арқадағы сүйіндік елінің азулы билері, айтулы шешені болған, ХХ ғасырда өмір кешкен ағайынды адамдар. Түйенің екі  өркешіндей ағайындылардың шешендік даңқы, шонжар, шынжырбалақ-шұбартөстік атақтары, билік-беделдері Орта жүзге жайылған екен.

Ағайынды екеуі бірін-бірі күндеп, бір атым насыбайдай нәрседен өкпелесіп, бірінің алдына бірі кішірейіп, бас ұруды намыс санағандықтан, өкпелері ұлғайып кетеді.

Еліне екі биден мысын асырар, сөзге алымды ешкім болмағандықтан, ағайын ара тұрып, екеуін татуластыруға әрекеттенгенмен беттері қайтып, таулары шағылады.

Барлықтан басы айналып, кеуделері байлықтың буына піскен, біріне-бірі кішірейсе, атақ-дәрежелеріне нұқсан келетіндей көрініп, бойларын  кеселге, ойларын астамшылыққа жеңгізген екі бидің көңілдеріне жібіместей тоң байланып, мүлде көрісіп, бітіспеуге айналады. Шоң бүйтіп  қырғиқабақ күн кешкенше, еліне біржола кетпекке бекініпті. Ол үйлерін жығып, жұртын тастап, көшін бастап Бағаналы-Наймандағы  нағашысы Бабырға жетпек боп жолға шығады. Жұртынан қозыкөш жер ұзап шыққанда Торайғырдың қойын жайып жүрген Тазша бала Шоңға  сәлем беріп, оған былай деп тақпақтата жөнелген екен:

— Бұл барғаннан барарсың
Бағаналы-Құлнияз Бабырға.
Өзіңде жейтін бар болса,
Сыбағаңа тартады
Бір сыдырғы қабырға.
Ат-айғырың көп болса,
Барымтасына жарарсың.
Қыз-қатының сұлу болса,
Бозбаласына жағарсың.
Ел көшкенде түңлігіңе бір қарарсың,
Мұндағы Торайғыр-Шоң деген,
Бұл аттан да айырылып қаларсың.

Баланың сөзі Шоң бидің көкейіне қона кетеді. Атының басын тартып, ойға қалған Шоң ағайын арасындағы өкпеге бола туып өскен ел-жұртын тастағанмен, жат елге барып опа таппайтынына көзі жетіп, көшін қайтарған дейді.

Сөйтіп, тапқыр баланың табынды да табанды сөзіне ешкімге илікпеген әйгілі би еріксіз илігіп, қатесін мойындап, райынан қайтыпты. «Дау сөзге тоқтайды» деген осы болса керек.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (2)

Сара

қызық әңгіме

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақыл жастан туралы не білуге болады?

Бұл бетте Ақыл жастан тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.

Бұл материал қай бөлімде жарияланған?

Материал Әңгімелер мен мақалалар бөлімінде жарияланған.

Осыған ұқсас материалдарды қайдан көруге болады?

Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Әңгімелер мен мақалалар бөліміндегі басқа материалдар Тазша бала тақырыбындағы материалдар ақыл жастан тақырыбындағы материалдар Торайғыр мен Шоң тақырыбындағы материалдар