Өлең, жыр, ақындар

Қарты бар елдің қазынасы бар

Бүгін шырайлы Шымкент қаласындағы З.Космодемьянская атындағы нөмірі 23 мектеп лицейінде арнайы қарттар күніне орай "Қарты бар елдің қазынасы бар" деген ауқымды тақырыпта 2 "Ақ" сыныбының мерекелік ертеңгілігі болып өтті.

Халықаралық қарттар күніне арналған бұл іс-шараға сынып оқушыларының ата-аналарымен бірге, ата-əжелері келіп көзайым болып, ертеңгілігіміздің құрметті қонағы болды. Тіпті бір отбасында ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып отырған қариялардың келуі де көз қуантты.
Мерекелік шараны 2"Ақ" сыныбының сынып жетекшісі Оразбекова Гүлнұр Рысбековна ашып беріп, қарттарымызға ізгі тілектерін білдірді.
2 "Ақ" сыныбының оқушылары да өнерден кенде емес екендерін көрсетіп, ата-əжелеріне деген концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Ертеңгілік 3 бөлімді құрады:
1.Қарттар күніне арнаған əндер мен жырлар.
2.Мақал-мəтелдер кезеңі.
3."Атадан бата" деп аталады. 
Бұл шарада оқушылар ата-əжелеріне арнап хор айтып, тамаша əндерін тарту етті. Қарияларымызға деген ыстық ілтипаттарын өздерінің өлең шумақтарымен жеткізді. Концерттік бағдарлама оқушылардың тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіретін мақал-мəтелдер бөлімімен аяқталды.
Балапандарының өнеріне тəнті болған ата-аналар мен ата-əжелеріміздің жанарына жас толып, ет жүректері елжіреп отырғандарын байқамау мүмкін емес.
Бүгінгі өтілген кеш өте толқынысты болды, оқушылардың аталары, əжелері кеш соңында алғыстарын жаудырып, осындай ұрпақ өсіп келе жатқанына қуанғандарын айтып,  мектеп ұжымына алғыстарын жаудырды.
Мектеп ұжымы қарттарымызға деген өз құрметтерін білдірмек ниетпен өз кəдесыйларын ұсынды. Оқушылардың өз қолөнерлері де қалыс қалмады.

Бұл атаулы мерекені тойлауды назардан тыс қалдырмағаны үшін мектеп директоры Тойлыбаева Жанар Джураевнаға зор алғыс білдіреміз!

Жанзакова Мереке Асқарбекқызы


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз