Өлең, жыр, ақындар

Назарбаев Зияткерлік мектептері UNESCO сыйлығын иеленді

Назарбаев Зияткерлік мектептері UNESCO «Wenhui Award -2019» сыйлығын иеленді.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының төрайымы Күләш Шәмшидиноваға Алматыдағы кластерлік бюро директоры Криста Пикаттың қолы қойылған құттықтау хаты келген.

«Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікістан және Өзбекстан бойынша UNESCO-ның кластерлік бюросының атынан «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына деген құрметімді білдіремін. Сондай-ақ, асқан қуанышпен Сіздердің ұйымдарыңыз UNESCO Wenhui Award 2019 сыйлығын жеңіп алғанын хабарлаймын», – делінген Криста Пикаттың хатында.

NIS - UNESCO-ның білім саласындағы сыйақысын иеленген Қазақстанның бірінші өкілі. Wenhui Award университет пен мектеп арасындағы «Білім–2030» жобасын ілгерілету жолындағы серіктестікті дамытуға бағытталған.

«UNESCO сыйлығы қазақстандық инновациялық мектептерге сапалы білім мен өмір бойы білім алуға ықпалдасатын университеттер мен мектептер арасындағы табысты серіктестік үшін, балалар мен жастарды өмірге, жұмысқа және жаһандық азаматтыққа бейімдеу жолындағы еңбек үшін беріледі. Финалдық кезең номинанттарының ішінде Австралия, Қытай, Малайзия және Шри-Ланка елдерінің беделді университтері болды» делінген баспасөз баянында.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар