Өлең, жыр, ақындар

Қазақстанның жас робототехниктері Дубайда қола медаль жеңіп алды

Қазақстанның жас робототехниктары FIRST Global чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

«Қазақстанның жас робототехниктары 24-27 қазан аралығында Дубайда өткен әлемнің ең әйгілі FIRST Global чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Биылғы жарысқа 191 мемлекеттен ең білікті оқушылар қатысып, бақ сынасты. FIRST Global-дың екі күндік іріктеуінің нәтижесі бойынша біздің балалар - Дильназ Камалова, Женибек Манабаев, Бақтияр Теміров, Елтай Қасым және Ержан Қабдықайыров - барлық қарсыластарын баса озып, маусымның фаворитіне айналды. Оқушыларымыз Израиль, Қытай, Сингапур және басқа дамыған мемлекттерден келген ең үздік ойыншыларды жеңіп, топ жарды», - делінген Kerneu Technologies компаниясының Facebook-тегі парақшасында жарияланған ақпаратта.

Еліміздің намысын Алматылық Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Хейлибери Қазақстан, сондай-ақ Қарағандының Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары қорғады. Жас робототехниктер бұл жеңіспен Қазақстан STEM саласында дамыған мемлекет екенін барша әлемге мойындатты.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер