Ертеде қияр мен қырыққабат қол ұстасқан дос болыпты. Бір күні екі дос суға шомылуға өзенге келіпті. Келген бетте қияр шешініп, суға күмп беріпті де, жүзе бастапты. Қырыққабат бір-бірлеп, қабат-қабат «көйлегін» шешкенше күн де батып, қас қарайыпы. Осыған дейін су ішінде қалшылдап тұрған қиярдың терісі әбден күлдіреп кетіпті. Қиярдың қабағындағы бүршіктер, міне, содан пайда болыпты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Роза Куккузова
Балаларға арналған "Қияр мен қырыққабат" туралы ертегіні тауып, немерелеріме, оқушыларыма пайдалануға ықпал еткеніне ризашылығымды білдіремін.
Өте жаксы ертегі екен. Маған қатты ұнады
Жақсы ертегі