Өлең, жыр, ақындар

Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?

Күндердің күнінде бір торғай ұшып кеп, бір шаруаның қорасына қонады да, шашылған дәндерді теріп жей бастады. Мұны көріп, қожайынынң мысығы бір мүйістің тасасында тұрып ториды. Аңдып отырған мысық бір мезетте шоршып барып торғайды бас салады. Қанатынан қапсыра тістеп тұрып:

— Енді бір жақсылап тоятын болдым! — дейді.

— Ей, мысық мырза, ұялсаңшы! Жуынғанды ұмытып барасыз ғой, өзі! Өзіңіздің қожайыныңыз да, оның әйелі де, жуынғаннан кейін барып тамақ жейді, — дейді торғай.

— Оның да дұрыс екен-ау, — деп мысық жақсылап жуынып, сүртіну үшін алдыңғы аяғын тұмысығына апарады.

Сол кезде торғай, ұзақ ойланып жатпай, жалт береді! Қанатын қағып, ұшады да кетеді! Мысық ыза болады. Содан бері қарай мысық атаулы тамақ жегеннен кейін жуынатын болған екен.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз