Бір күні Қожа қонаққа барады. Әуе айналып жерге түскендей, күн ыстық екен, дастарқанға бір тегене мұздай шие шырыны әкеліп қойылады. Үй иесінің өзі ожау қасық алып, Қожаға кішкентай кетік қасық береді. Үй иесі мұздай шырынды сіміре сілтеп:
— Ой, өліп барам, өліп барам! — дей берсе керек.
Қожа байғұс салқын шырыннан сусынын қандырып жұта алмай отыра береді, үй иесінің «өліп барамы» да таусылмайды. Бұлай отырғаннан еш нәрсе өнбейтінін сезіп, Қожа сонда үй иесіне:
— Қолыңдағы ожауыңды бере тұршы, мен де бір өліп байқайын, — депті.
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі