Өлең, жыр, ақындар

Былқылдақ

Есіл бойында күйшілік, әншілік өнерімен елге танылған, кедей де болса өз ортасында асау көктің тұқымындай сый-сыяпат, қошаметке бөленіп  жүрген бір қыз бар деп естіген Тәттімбет, өнер десе өмешегі үзіліп, алтын қарағандай ентелеген күйші,  
сол қызды көруге аттанады.

Айтса айтқандай, өнері мен бағы өрлеп тұрған қыздың күйшілік құдіретіне Тәттімбет айырықша сүйінеді әрі оған құмарлығы артып, оның әр қылығын күндіз-түні бақылайды. Оның кедей қызы болған соң үйіне көмектесіп, бастаудан су таситын жәйтін байқайды.

Бардам бай балаларына кеудесін алдырғысы келмейтін кедей қызы әсем киініп, кербез басып, тәкәппар, паң мінезбен су көтерсе де, әсем  қылықпен басатынын көрген Тәттімбет қыз жүрісінен «Былқылдақ» деген күй шығарған екен.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер