Қызылорда облысының жас өнертапқышы Нұржанбек Құрманбек күріштің өсімін бес есе арттыратын ғылыми-жобаны ұсынды.
Нұржанбек Құрманбек Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сыныбында оқиды. Ол жаңа жобаны мектеп зертханасында сынақтап өткізіп көрді. Онда «фитоп тыңайтқышы» деп аталатын биологиялық препарат қолданылды. Аталмыш тыңайтқыш күріш дақылының өсуіне оң әсер етеді. Тәжірибе нәтижесінде тыңайтқыш күріштің өсуін 5 есеге және өнімділігін 3-4 пайызға арттыратыны анықталды.
«Бұл препаратты пайдалану экономикалық тұрғыдан тиімді. Сондай-ақ, ол Сыр өңірінің климаттық жағдайына да қолайлы», - деді Нұржанбек Құрманбек.
Жақында ол Алматыда өткен республикалық ғылыми жобалар сайысына қатысып, үшінші орынға ие болды. Сайыс барысында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің басқа да оқушылары жүлделі орындарға қол жеткізді. Атап айтқанда, Арайлым Өмірбекқызы «Этномәдениеттану» секциясында жоба қорғап, І орынға табан тіреді. Ал Владимир Усольцевтің «C#» бағдарламалау тілінде ландшафт генераторы екінші орын алды. Сондай-ақ 11-сынып оқушысы Бақнұр Амангелдінің түркітанушы Иштван Қоңыр Мандокидің өмірі мен қазақ әдебиетіне қосқан үлесін зерттеу нәтижесі үшінші орынға лайықты деп танылды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі