Бұл мақаланың басында Мұхтар Шахановтың құмырскалар мен адамдардың эволюциялық өсуін салыстырады. Ғалымдардың айтуына сәйкес, құмырскалар ұжымдық бірлікте әлдеқашан бізден бұрын эволюцияның шыңында жүр. Ал біз қашан сол нәтижиеге жетеміз деген сұрақ пайда болды.
Сонда ақын адамның рухани өсуін айтады. Біріншіден, біз рухани "толық адам" болып өсуміз керек және ешкандай жаңа технологиялар біздін өсуімізді дәлелдемейді. Тек біздің ішкі жан дүниеміз, ойымыз осыны дәлелдейді.Қысқаша айтқанда, әр адам өз басымен ойлау керек. Тобыр қай жаққа барса, сонда бармауға керек деп ойлаймын.
Ақын өзінің ойын дәлелдеуде көптеген мысалдарды алады. Мысалы, Германия мен Австрияда кейбір топтар Гитлерді мақтан тұтады. Ал өзбек мемлекеті Ақсақ Темірді мемлекеттік идеологиясының ту ұстаушысына айналдырды. Олар қаншама мыңдаған адамдарды өлтіргеніне қарамастан, оларды мақтан тұтады. Осы тұлғадарды мақтан тұту дұрыс па - деген сұраққа Мұхтар Шаханов бізді итермелейді.
Менің ойымша, Мұхтар Шаханов осы мысалдарымен сол адамдарды,сол тобырды сынайды. Негізгі ойы- адамдар ең біріншіден рухани дамуы керек деп ойлаймын.Сонда ғана біз өзімізді эволюцияның шыңында тұрмыз деп айта аламыз. Қазіргі кезде әр адамда өзінің жеке ойы, өзінің сана сезімі болуы керек деген қорытындыға келдім. Алдағы уақыт-жастардың қолында. Саналы, дамыған жас ұрпаққа жетейік!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі