Өлең, жыр, ақындар

Бата оққа қалқан бола ала ма?

Ертеде аңқау елге арамза молда болған, ел арасында өзінше «абыройға» ие болған бір жалған әулие бар екен. Жұрт одан бата алып кетіп жүреді екен. Әлгі әулиеге бір күні жауырыны қақпақтай, маңдайы жарты қарыс, кең кеуделі, ер мұрынды, батыр тұлғалы бір жігіт келеді. Жаугершілік заман екен, жігіт «әулиеден» бата сұрай келген екен. Қоржынының екі басын шымши тіккен дүние екен, онысын бәйбішенің алдына тастай береді.

— Қолымда найза, белімде семсер, жалғыз өзім қалың жауды қуғалы бара жатырмын. Жауым көп, әрі қарулы. Өлмейтін, атса оқ, салса найза дарымайтын етіп бата беріңіз,—дейді жігіт.

«Әулие» жағдайды түсіне қалады да, ернін күбірлетіп, ішінен ұзақ сөйлеп, бата береді.

— Әмин, — деп екі алақанымен бетін сыйпайды, — енді өлмейсің. Жолың болсын! — дейді.

Жігіт көп кідірместен жол жүріп кетеді. Сонда әлгі әулиенің баласы тұрып әкесінен:

— Әке, бата оққа қалай қалқан бола алады, өлтірмес бата бола ма?—деп сұрағанда, әкесі:

— Ей, шырағым-ай, өлсе өледі де қалады. Бата беріп ең ғой деп ол менімен дауласады деймісің. Өлмей тірі жүрсе, сол әулиенің батасымен тірі жүрмін дейді ғой, — деген екен.


Пікірлер (4)

Булбул

Бата ақ ниет тілек (жақсы энергия гой).жақсы сөз жарым ырыс.баталы құл арымас,батасыз құл жарымас.Өмірде ақ пен қара болады күн мен түн сияқты деп айтады бірақ негізінде Алла тағалам жақсылық қана Жаратқан.

Тенри

Шоқан Уалихоновтың киносын көріңіздер Жалаир Бекбауыл Дстқа мен Сыздық Сұлтан Шымкентте Орыс армиясымен соғысқанда жалауы сау жер қалмай тесіледі, бірақ Сыздық Сұлтанға оқ дарымайды, Орыс офицерлері 100 мылтықтан атылған оқтың дарымағанын құжатпен растайды, Бата мен Дуа, Алғыс пен Қарғыс өте күшті қасиеті бар.

Тенри

Бірақ Алланың ешқандай қатысы жоқ, Аруақтарға салу керек.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз