
Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасына отырып, ақыл айтты:
- Балам, дүниедегі жаратылған жәндік-жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды,- деп. Сол сөзді айтып отырғанда, қыз бала киімін жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады:
- Әже, осы қиқымның ешнәрсеге керегі бола қалмас,- деп.
Шешесі:
- Балам, сол да жерде қалмайды,- деді.
Осылайша сөйлесіп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтеріп ұшырды, мұны бір торғай көріп қуып барып, мақтаны тұмсығына тістеп қана алып, ұшып кетті. Қыз әжесінен:
- Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны неғылады? - деп сұрады.
Әжесі айтты:
- Көрдің бе, балам, күн айналмай манағы айтқан сөздің келгенін. Ол кішкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етеді,- деді.

Жалгасы бар ма
жаксы жазылган маган ұнады
Маган унады
Керемет
Жалғасы барма ?Керемет екен!
Өте қызықты
Маған бұл ертегі өте қатты ұнады.
Өте керемет
Оте керемет.Соз магына жаксы
Керемет ертегі
Бұл ертегі маған өте қатты ұнады
мынау вообще оп-оңай бірдеңе ғой
бұл ертегі емес , шағын әңгіме ғой,бауырларым, қателеспейік. Барлығыңды сүйемін, пока.
салем достар оте керемет ангиме екен сздерге окуга усынамын лублу бас
Ыбырай Алтынсарин бабамыз мықты ұстаз ғой!
Нағыз ұстаз
Ыбырай Алтынсарин "Бір уыс мақта" әңгімесі ұнады!
Маған ұнайды
Өте мағыналы !!! Алтынсарин алтын адам!