Өлең, жыр, ақындар

Білге қаған

Бiлге қаған (көнетүркіше Arslan Bilge qaγan; қыт. 毗伽可汗 — Бике кыхан, Могилян) (683—734) — Түрік Елінің 717—734 жж. билік құрған қағаны.

Ол 683 ж. Орхон өзенi бойындағы Өтүкенде туған. Құтлық қағанның (Елтерістің) үлкен ұлы, Күл-тегіннің ағасы. Шешесі Елбілге қатұн. «Ашина» текті.

Түрiк Елінің бiрегей тұлғасы атанған ол iнiсi Күлтегiнмен бiрге елдің қамы, жердің тұтастығы үшін күресіп, көшпелiлер тарихында ұлы империяның іргесін бекітті. Ол күллi көшпелiлер империясының тұғырын сомдап, түрiк тектес этностардың бiрлiгiн сақтай отырып, елдiң мұңы, жердiң қамы үшiн «түнде ұйықтамай, күндiз отыра алмай» күресті.

Бiлге қаған 9 жас кезiнде әкесi Құтлық (680—692 жж.) қайтыс болады. Түрік Елінің тағын оның iнiсi Қапаған (Қабаған) (692—716 жж.) иеленеді.

Қапағанның iнiсi Бөгүден (716 ж.) кейiн таққа отырған Бiлге қаған 19 жыл билік етеді. Бiлге қаған 13 жасында шад атағын алады.


Нақыл сөздері

Тозған жұқа топтауға оңай,
Тозған жеңешке үзуге оңай.
Жұқа қалың болса,
Жіктейтұғын алып-ты.
Жіңішке жуан болса,
Үзетұғын алып-ты.

Ілмектер: алып, жұқа Білге қаған

Нағыз ер «дүние-мал» деп дірілдемес болар.

Ілмектер: нағыз, ер, дүние, мал Білге қаған

Тастағы жазудан тағлым алғайсың.

Ілмектер: тас, жазу Білге қаған

Жауыңнан бұрын қимылда - жеріңе жамандық келмейді.

Ілмектер: жау, жамандық Білге қаған

Егер ел басшысы тоңмойын һәм сатқын болмаса - елдің бағы.

Ілмектер: ел, басшы, сатқын, бақ Білге қаған

Әсіре даңқ пен асыра байлық ұятсыздық пен бұзақылық құшағында тұншықтырады.

Ілмектер: даңқ, байлық, бұзақылық, ұятсыздық Білге қаған

Дарақылық үмітіңді үзіп, қанатыңды қияды.

Ілмектер: үміт, қанат Білге қаған

Түркіні бұзар - тәтті сөз.

Ілмектер: сөз Білге қаған

Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ.

Ілмектер: ел, бірігу, бақыт Білге қаған

Дүниеқоңыздық пен тойымсыздық есіңді алып, еркіңнен айырады.

Ілмектер: Дүниеқоңыздық, тойымсыздық, ес Білге қаған

Бақ болмайды басқа бақ - есің барда елің тап.

Ілмектер: Бақ, ел, ес Білге қаған

Қарап көріңіз

Пікірлер