Өлең, жыр, ақындар

Эпиктет

Эпиктет (50-138 ж. ш.) - Рим стоицизмінің өкілі, шыққан тегі - құл. Оның ілімін Арриан жазып алған, бізге жеткені - "Эпиктеттің пайымдаулары" және басқада шығармалар. Эпиктет ілімінің бүкіл физикаға, логикаға және этикаға бөлінеді. Эпиктет ілімінің бүкіл шабыты - этикада, атап айтқанда ішкі еркіндікті уағыздауда. Ол мырзаның өз нәпсісінің құлы, ал құлдың өзінің ішкі рухани тәуелсіздігінде еркін болуы мүмкін екенін, бірақ бұл еркіндікке дүниені өзгерту арқылы жетепейтінін дәлелдейді. адамды заттар емес, заттар туралы түсініктер бақытты етеді, ізгілік пен зұлымдық заттарда емес, қайта біздің оларға қатынасымызда, сондықтан бақытты болу - өз қолымызда. Эпиктет философиясы езілген таптың құл иеленушілік құрылысқа енжар қарсылығын білдірді. Ол христиан дініне ықпал етеді.


Нақыл сөздері

Бiлiм адамның iшiнде пайда болмайтынын ұмытпа, ол үшiн адам көрген-бiлгенiн ой елегiнен өткiзiп, оны қорғап қалуы керек.

Ілмектер: білім, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Эпиктет

Адал адамға барлық жерде өмір сүру қауіпті.

Ілмектер: адалдық, адал, адам, қауіп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Эпиктет

Адамның өзінің ақшасынан, үй–жайынан, қора–қонысынан айырылуы аянышты емес, мұның бәрі адамға тиесілі емес. Ал адам өзінің шын меншігі – өзінің адамдық қадір–қасиетін жоғалтса, бұл енді аянышты–ақ.


Ілмектер: ақша, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қадір, қасиет Эпиктет

Қарап көріңіз