Өлең, жыр, ақындар

Альберт Эйнштейн

Эйнштейн Альберт, нем. Albert Einstein (14 наурыз 1879, Германия, Ульм қаласы – 18 сәуір 1955, АҚШ, Нью-Джерси штаты, Принстон) –физик-теоретик, қазіргі физиканың негізін салушылардың бірі.

Альберт Эйнштейн — теориялық физиканың негіз қалаушылардың бірі, 1921 жылғы Нобель сыйлығының иегері, атақты ойшыл және қоғам қайраткері, әлемнің алдыңғы қатарлы 20-ға жуық университеттерінің құрметті профессоры, КСРО Ғылым Академиясының шетелдік құрметті мүшесі.

Эйнштейннің басты еңбегі — ”Салыстырмалылық теориясы”. Бұдан бөлек 300-ден астам ғылыми еңбектердің, тарих, ғылымдар философиясы және публицистика саласындағы 150-дей кітап, мақалалардың авторы ретінде де танымал.


Нақыл сөздері

“Дүниеде екі нәрсе шексіз: бірі — ғалам, екіншісі — адамның ақымақтығы. Бірақ біріншісіне күмәнім бар”

Ілмектер: шек, ғалам, адам, ақымақтық Альберт Эйнштейн

Фантазия білімнен маңыздырақ. Өйткені білімнің шегі бар.

Ілмектер: білім, фантазия, шек Альберт Эйнштейн

Адамдардың қате түсінігін бөлшектеу – менің атомды бөлшектеуімнен де қиын.

Ілмектер: түсінік, Атом, қате Альберт Эйнштейн

Алты жасар балаға бірнәрсе түсіндіре алмай жатсаңыз, демек ол нәрсені өзіңіз де түсінбегенсіз

Ілмектер: түсінік, түсіну, түсіндіру, бала Альберт Эйнштейн

Қарап көріңіз