Өлең, жыр, ақындар

Сағи Жиенбаев

Сағи Жиенбаев (1934–1994) — 15 мамырда Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Оймауыт ауылында дүниеге келген.

1955 жылы Қызылорда қаласындағы педагогикалық институтты бітіргеннен кейін, Жезқазған кенішінде мұғалім болып қызмет істеді. Сол кездері өлеңдері республикалық баспасөзде жариялана бастады.

1956 жылдан бірыңғай әдеби жұмыспен айналысты. «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі болды. Көп жылдар «Жазушы» баспасының поэзия редакциясын басқарды.

Ғазиза Жұбанованың «ЕңлікКебек», Базарбай Жұманиязовтың «Махамбет» операларының либреттосын жазған. Бірнеше ән текстерінің авторы. Ақын өлеңдері туысқан халықтар тілдеріне аударылған, шет ел тілдерінде басылған.
А.Пушкин, М.Лермонтов, О.Туманян, В.Брюсов, Я.Смеляков, Р.Ғамзатов, Д.Кугультинов, М.Қаноатов өлеңдерін аударып жеке кітап етіп шығарды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.


Өлеңдері Нақыл сөздері

Той кезінде, жас құрбым,
Жалтақтама тайынба.
Тартқан күйін, тамылжып,
Тіл бітірсін қайыңға.

Ілмектер: той, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер, тіл Сағи Жиенбаев

Жем бойында өтті менің жас күнім...

Ілмектер: Сағи Жиенбаев, афоризм, қанатты сөздер, жастық Сағи Жиенбаев

Бір жұлдыз көкте туа сап,
Сорғалап ағып өткендей.
Әлия да үйден шыға сап,
Майданға сүңгіп кеткендей!

Ілмектер: Сағи Жиенбаев, әлия молдағұлова, майдан, Батырлар, ерлік жайлы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сағи Жиенбаев

Қазақ жері ағалармен көрікті,
Қазақ жері ағалармен сүйікті.

Ілмектер: Қазақ жері, аға. көріктілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер, Сағи Жиенбаев Сағи Жиенбаев

Менің анам — сүйегі асыл, мықты адам.

Ілмектер: ана, ана туралы нақыл сөздер, мықты адам, Ана туралы цитата, Ана туралы көркем сөздер, афоризм, қанатты сөздер Сағи Жиенбаев

Қарап көріңіз