Өлең, жыр, ақындар

Жюль Верн

Жюль Верн – француз жазушысы, ғылыми фантастикалық роман жанрының негізін қалаушылардың бірі. Ол Францияның Нант қаласында 1828 ж. 8 ақпанда туған. Мамандығы заң қызметкері. Театр директорының хатшысы (1851 – 54), қаржы-қаражат агенті (1856 – 64) қызметтерін атқарған. Әдеби қызметін шағын пьесалар (1849) жазудан бастаған. 1863 ж. «Әуе шарында өткен бес апта» атты тұңғыш романы жарық көрді. Верн 65 роман, повесть, әңгіме және география тарихы туралы зерттеулер жазды. Жазушының «Капитан Гранттың балалары» (1867), «Сырлы арал» (1875), «Он бес жасар капитан» (1878), т.б. шығармаларында суреттелетін табиғат пен теңіз асты әлемінде кездесетін әр түрлі жағдайларды дәл бейнелеуі ғылым жетістіктерімен үндесіп жатыр. 1905 ж. 24 наурызда жазушы Жюль Верн Амьенде дүние салды. Оның шығармалары көптеген әлем халықтары тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне де аударылды, фильмдер түсірілді. Айдың арғы бетіндегі кратер Верн есімімен аталады.


Туындылары Нақыл сөздері

Жұмыс — бұл менің өмірлік ісім. Жұмыс істемеген кезде, мен өзімде ешқандай тіршілік белгісін сезбеймін.

Ілмектер: жұмыс, іс Жюль Верн

Қарап көріңіз