Хосе Хулиан Марти нақыл сөздері, ой-толғамдары және автор туралы қысқаша мәлімет осы бетте берілген.
Бұл бетте автордың дәйексөздері, өмірбаяны және басқа бөлімдеріне апаратын ішкі сілтемелер бір жерде жинақталған.
Марти Хосе Хулиан (28.1. 1853, Гавана — 19.5.1895, Дос-Риос, Ориенте) — жазушы, Куба ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері. Әскери қызметкер жанұясында дүниеге келіп, 16 жасынан ұлт-азаттық қозғалысқа қатысты. Мадрид және Сарагос университеттерінде философия, әдебиет, заң ғылымдарын оқыды.
Мексикада, Гватемалада біршама тұрып (1875), Кубаға қайта келісімен испан басқыншыларына қарсы көтерілісті ұйымдастырғаны үшін Испанияға жер аударылды (1879). 1880 — 95 ж. АҚШ-та тұрып, Латын Америкасы газеттеріне мақалалар жазды, Кубаның қозғалыс партиясын құрып (1892), “Партия” газетін шығарды. Кубаға қайта оралып, испандықтармен соғыста қаза тапты. “Абдулла” (1869) атты тұңғыш шығармасы құлдық жүйеге қарсы жазылды. “Исмаелильо” (1882), “Қарапайым өлеңдер” (1891), “Еркін өлеңдер” (1913) атты жыр жинақтары зұлымдық әділетсіздікке қарсы шынайы толғаныстан туған. Филос. ой-толғамдарға толы публицист. шығармалары ой тереңдігімен ерекшеленді. М. өлеңдерін испан тілінен Ә.Бәтенов, орыс тілінен Т.Молдағалиев, Ө.Нұрғалиев, Б.Алдамжаровтар аударған. Қазақ тілінде “Бостандық дауысы” атты жыр кітабы жарыққа шықты. Бірнеше өлеңдері “Куба таңы” (1973) жинағында қазақ тілінде басылды. М. туралы О.Терновой зерттеу еңбек жазған (1966).
Отан — бұл тұғыр емес, құрбандық шалатын орын.
Ілмектер: отан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Хосе Хулиан Марти
Даңққа деген ашқарақтық құрбандар мен өлімге әкеледі, ал туа біткен инстинкт өзін-өзі сақтау мен өмірге әкеледі.
Ілмектер: даңқ, ашқарақтық, өлім, инстинкт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Хосе Хулиан Марти
Көп сөйлейтін және аз жұмыс істейтін атақты адамдар тез және із-түссіз жоғалады. Әрекет — бұл ұлылықтың қадірі.
Ілмектер: қадір, атақ, нақыл, афоризм, әрекет, қанатты сөздер, ұлылық Хосе Хулиан Марти
Мамандық таңдау — өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау.
Ілмектер: Мамандық, өмір, кірпіш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Хосе Хулиан Марти
- Нарша Булгакбаев
- Марғұлан Сейсембай
- Әлкей Марғұлан
- Әлкей Марғұлан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі