Өлең, жыр, ақындар

Доспамбет Жырау

Доспамбет Жырау (1490, қазіргі Ресей Федерациясы, Ростов облысы, Азау қаласы — 1523, Астрахан маңы) — жырау, қолбасшы, батыр.

Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болған. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Тайпааралық ұрыстардың бірінде қаза тапты.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Жұпарын қардай боратып аруды құшқан өкінбес.

Ілмектер: ару, нақыл, афоризм Доспамбет Жырау

Қоғалы көлдер, қом сулар — қойысқа қонған өкінбес,
Арыстандай екі бұтын алшайтып арғымақ мінген өкінбес.

Ілмектер: өкіну Доспамбет Жырау

Дүниенің басы - сайран, түбі - ойран.

Ілмектер: дүние, өмір, сайран Доспамбет Жырау

Қарап көріңіз