Өлең, жыр, ақындар

Жиль Делез

Жиль Делез (1925-1995) — француз философы, мәдениеттанушы, эстет, постмодернизмнің қалыптасуына ықпал еткен.


Нақыл сөздері

Баскесерлер сирек күледі: олардың күлкісінің өзі өзге жұрттікіндей емес.

Ілмектер: күлкі Жиль Делез

Көңілге балға ұрғандай зірк етіп қатты тиетін сөйлемдер онша көп емес.

Ілмектер: көңіл Жиль Делез

Кез келген дəуір өзінің айтқысы келгенінің бəрін айтып барып тынады.

Ілмектер: дәуір Жиль Делез

Біркелкілік деген мынаны білдіреді: болмыстың өзі — бір түрлі де, оның көрінісі — екі ұшты.

Ілмектер: Біркелкілік, болмыс Жиль Делез

Əр оқиға — бір өлім.

Ілмектер: оқиға, өлім Жиль Делез

Жекені жалпыдан бөліп ала алмайсың.

Ілмектер: жеке, жалпы Жиль Делез

Білім — ғылым емес, тіпті, танымға да жатпайды.

Ілмектер: білім, ғылым, таным Жиль Делез

Кез-келген талдау — құбылыстың мəнін ашуға жатады.

Ілмектер: талдау, құбылыс Жиль Делез

Бетперделер басқа бетперделерді ғана сыпыра алады.

Ілмектер: бетперде Жиль Делез

Кез келген ажалдың екі мағынасы бар.

Ілмектер: ажал, мағына Жиль Делез

Сократтың өлімінде естен танып, өзіне-өзі қол салудың бір белгілері бар.

Ілмектер: Сократ, өлім Жиль Делез

Шешімінен тыс жатқан міндет деген болмайды.

Ілмектер: міндет Жиль Делез

Шымылдықтың сыртында кісі қызығарлықтай ештеңе бола бермейді.

Ілмектер: шымылдық Жиль Делез

Міндет дегеніміз — сынау мен таңдау.

Ілмектер: міндет, сын, таңдау Жиль Делез

Бар дүние — жұмыртқа.

Ілмектер: дүние, жұмыртқа Жиль Делез

Бағыныштылық — қатігездіктің бір фигурасы ғана болуы əбден ықтимал, өйткені, онда фигура деген көп-ақ.

Ілмектер: Бағыныштылық, қатыгездік Жиль Делез

Маскүнемдік — құмардан шығуға емес, айрықша əсерленуге ұмтылады.

Ілмектер: Маскүнемдік, құмар, әсер Жиль Делез

Сөйлем диалектикасының өзінде қашан да қарама-қайшылық бар.

Ілмектер: диалектика Жиль Делез

Кез-келген қаланың ішінде тағы бір қала болады.

Ілмектер: қала Жиль Делез

Мағынасы бар нəрсенің бəрінің мəні де болады, бірақ соңғысы алғашқысымен салыстырғанда мүлдем басқа негізде айқындалады.

Ілмектер: мағына Жиль Делез

Қарап көріңіз