Лионель Месси

Лионель Андрес Месси (ис. Lionel Andrés Messi; 24 маусым 1987, Росарио) — аргентиналық футболшы, "Интер Майами" клубы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы.

2011 жылдан бері Аргентина құрамасының капитаны. Аргентина құрамасы мен "Барселона" клубы тарихындағы ең үздік мерген. 2010, 2012, 2013, 2017, 2018, 2019 жылдары "Алтын бутсы" иегері атанды. 2009, 2010, 2011, 2012, 2015, 2019, 2021, 2023 жылдары "Алтын доп" жүлдесін жеңіп алды (рекорд). Бір рет әлем чемпионатының 2014, үш рет Америка кубогының (2007, 2015, 2016) күміс жүлдесін иеленді. 2019 жылғы Америка кубогында үшінші орын алып, 2021 жылы Америка Кубогын, әлем чемпионатының 2022 жеңіп алды.


Нақыл сөздері

Маған ақша төлемей қойса да, осы дәрежеде тегін-ақ ойнай берер едім. Ақша әрине өмір сүру жағдайыңды түзейді, бірақ қанаттандырмайды. Мен экономикалық жағдайымды түзеу үшін емес, футбол ойнау үшін өмір сүрудемін.

Ілмектер: Лионель Месси, ақша, тегін, футбол, футбол ойнау, қанат, приоритет, Мотивация, Өмір Лионель Месси
WhatsApp Telegram

Ақша менің ойнау дәрежемді өзгертпейді. Мен өзімді әлі, мамасынан доп сұрап алып, аулада сол допты қуалап жүрген баладай сезінемін. Бұл сезімді жоғалтқан уақытымда футболмен қош айтысамын.

Ілмектер: ақша, сезім, өзгеру, адам, жағдай, Лионель Месси, футбол, футболшы, дәреже Лионель Месси
WhatsApp Telegram

Өмірде футболдан да маңыздырақ нәрселер бар.

Ілмектер: Өмір, футбол, маңызды, Лионель Месси, Месси Лионель Месси
WhatsApp Telegram

Кей уақытта өзіңе: "Барлық ойында жеңу мүмкін емес" деп айтуыңа тура келеді.

Ілмектер: Лионель Месси, Месси, футбол, футболшы, ойын, жеңу Лионель Месси
WhatsApp Telegram

Марапаттар әрине жақсы, бірақ бұл мені емес тілшілерді алаңдатуы керек.

Ілмектер: марапат, тілшілер, Лионель Месси, Месси, футбол, футболшы Лионель Месси
WhatsApp Telegram

Кішкентай кезімнен мен ұяң болатынмын және барлық уақытымды тек футболға арнайтынмын. Достарым мені көше кезуге шақыратын, бірақ мен ертеңгі күні жаттығуым болғандықтан, кезуге көп шыға бермейтінмін. Сол балалық шағымнан бері әлі ешнәрсе өзгерген жоқ, Қазір де достарым бір жерге шақырса, үйде қалғанды жөн көремін.

Ілмектер: Лионель Месси, футбол, дос, жаттығу, уақыт, Месси Лионель Месси
WhatsApp Telegram

Футболды аяқтағаннан кейін, мені жақсы футболшы емес жақсы адам деп еске алғанын қалар едім. Осы нәрсе мені көбірек мазалайды.

Ілмектер: Лионель Месси, футбол, адам, Жақсы адам, футболшы Лионель Месси
WhatsApp Telegram

Мен барлық матчты финалда ойнап жатқандай ойнаймын.

Ілмектер: Лионель Месси, финал, матч, футбол, ойын, Месси Лионель Месси
WhatsApp Telegram

Менің орныма екі аяғым сөйлейді.

Ілмектер: аяқ, Лионель Месси, Месси, футбол, футболшы Лионель Месси
WhatsApp Telegram

Қарап көріңіз