Өлең, жыр, ақындар

Уоррен Баффет

Баффет, Уоррен Эдвард (1931 жылы туған) — американ инвесторларының бірі болып табылады. Әр акциясы шамамен елу мың доллар тұратын Berkshire Hathaway жекемен- шік инвестициялық компаниясының 36%-ын иеленеді. Компания Gillette немесе Coca-Cola сияқты анағұрлым табысты фирмаларға ақша салады. Баффет жыл сайын миллиардтаған табыс алады және Америкадағы екінші аса бай адам деп танылған.


Нақыл сөздері

Егер сіз өз бетіңізше ойламасаңыз, сіз инвестицияда жетістікке жете алмайсыз.

Ілмектер: инвестиция, жетістік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уоррен Баффет

Қанша жерден дарынды болып, нәтижеге жету үшін барыңызды салып жатсаңыз да уақыттың билігінен аса алмайсыз: тоғыз әйеліңіз жүкті болса да, бір айдан кейін балаға қол жеткізу мүмкін емес.

Ілмектер: дарын, нәтиже, уақыт Уоррен Баффет

Қарап көріңіз