Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер мен туындылары жинақталған.
Державин Гавриил Романович (1743-1816) - ақын, драматург, аудармашы. Ол балалық шағын Қазан қаласының алыс түпкіріндегі елді мекенінде өткізген.
1758 жылы Қазан қаласындағы алғашқы ашылған гимназияға оқуға қабылданады. Оқу жылдарында ол өзінің сурет салуға, пластикалық өнерге бейімділігін танытады және оның шығармашылығында өз ізін қалдырды.
1776 жылы Державиннің мадақ өлеңдері жеке кітап болып шықты. Державиннің айтуынша, 1779 жылдан бастап әдебиетке деген шынайы бетбұрысы басталған екен.
1783 жылға дейін Державин көптеген тамаша өлеңдер жазып үлгерсе де, көпшілік оны ақын ретінде танымаған. II Екатеринаға арналған «Фелица» мадақ өлеңінің шығуы Державиннің өміріне үлкен өзгерістер әкелді.
Державин орыс әскері қатарында қызмет атқарып, 1803 жылы әскери қызметтен босайды. Өзінің Званка иелігінде жүріп «Евгению. Жизнь званская» атты атақты жолдауын жазады. 1811-1812 ж.ж аралығында ол мемуарлық «Записки» (1743-1812) шығармасын жазғанымен, ол тек 1859 жылы ғана жарық көреді.
Державин Гавриил Романович Державин Гавриил Романович өлеңдері
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі