Сыпайылық
Бұл бетте «Сыпайылық» атты Державин Гавриил Романович жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Скромность)
Еркетай, қоңыр желемік,
Еркеме соқсаң егерде,
Күрсінгендей сыбырла,
Кімдікі десе, — үндеме.
Ойнақты, тұнық бұлақша,
Жолықсаң еркеме егерде,
Бетіне жастай сорғала.
Кімдікі десе, — үндеме.
Жайдары, шуақ күнікей,
Еркеме түссең егерде,
Күйдіре қарап, сеп сәуле.
Кімдікі десе, — үндеме.
Қараңғы жым-жырт тоғайшық,
Қойныңа еркем кіргенде,
Бұтақпен төсін қытықта.
Кімдікі десе де үндеме.
Аударған: Ілияс Жансүгіров
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі