Бейсенбай Сүлейменов

Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер мен туындылары жинақталған.

Автор туралы

Сүлейменов Бейсенбай Жолдасбекұлы (1951 жылы 27 қыркүйекте Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Ш. Ділдәбеков кеңшарында дүниеге келді) - журналист, баспагер. Қоңырат тайпасының Құлшығаш руынан шыққан.

1973 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін тамамдап, Жезқазған облыстық "Жезқазған туы" газетінде қызмет жолын бастады.

1975-1976 жылдары ОҚО Киров ауданындағы "Шұғыша" газетінде әдебиет және мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 1976—1980 жылдары республикалық "Қазақстан пионері" (қазіргі " Ұлан") газетінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактор қызметтерінде болды.

Латын Америкасы жайлы "Кечуа тайпасының үндістері" (1985 ж.), "Қуанышты күн" повесть, әңгімелер жинағы 1989 жылы "Жалын" баспасынан жарық көрді. 1992 жылы Америка континентінің ашылғанына бес жуз жыл толуына орай Б. Сүлейменовтың "Бес ғасыр атылмаған садақ" кітабы жарық көрді.

1990—1995 жылдары Алматы облыстық "Полиграфия" өндірістік бірлестігінде "газет" баспасының директоры қызметінде болды. Бейсенбай Сулейменов — республикалық жекеменшік баспагерлердің алғашқыларының бірі.

1995—1999 жылдары "Әл-Фараби" баспасының, ал 1999 жылдан қазірге дейін "Құс жолы" баспасының директоры. "Әл-Фараби" баспасы "Қазақстан-Сорос" қорының бірнеше кітабын шығарды. Олардың ішінде Б.Майтановтың "Мұхтар Әуезов - суреткер", А.Қыраубаеваның "Ежелгі әдебиет", төменгі сынып оқушыларына арналған қосымша оқулық кітаптары бар.

Алматы облысының Көп томдық "Боздақтар" энциклопедиясы да осы баспадан жарық көрді. "Қатев" қоғамдык қорының тапсырмасымен "Нұрсұлтан Назарбаев", "Қазақ тілі", "Қазақ мәдениеті", "Ұлағат", "Жетістікке жету жолдары", "Апаш-Анадолы Ұлылары" кітаптарын және "Қазақстан" фотоальбомын қазақ, түрік тілдерінде шығарды. "Рөза Рымбаева", "Түркістан" фотоальбомдары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде басылып шықты.

Бейсенбай Сүлейменов шығармалары

Автордың бөлімдері

Автор туралы Туындылары