Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
№99 орта мектебінің мұғалімі Ауықбасова Кенескүл
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрі.
Сабақтың мақсаты :
а) Білімділік : Оқушылардың зат есім жөніндегі өткен сабақтардағы алған білімдерін еске түсіру; тиянақтау; зат есімнің жекеше және көпше түрімен таныстыру.
ә) Дамытушылық : Балалардың сөз байлығын , сауаттылығын , зат есім туралы ұғымдарын кеңейтіп , жан – жақты шығармашылық қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелік : Ұқыптылыққа , шапшаңдыққа баулып , жауапкершілікті түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ –жауап , баяндау , талдау, ойын , дамыта оқыту
Көрнекілігі : Тірек сызбалар , жұмбақтар , мақал – мәітелдер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі . Психологиялық дайындық
- Балалар байқаймысыңдар бізге қонақтар келіп отыр. Кәне , бәріміз орнымыздан тұрып , бір – бірімізге жылуымызды беріп , қазақ халқының салты бойынша иіліп сәлем берейік .
Сәлеметсіздер ме, қонақтар ?
Сәлеметсіздер ме, күннің көзі , көк аспан ?
Сәлеметсіз бе, мұғалім ?
Сәлеметсіз бе,сен ?
Сәлеметсіз бе, мен ? – деп балалар хормен айтады.
Су – ана сөздерінің мағынасына тоқталайық .
Күн ана -бүкіл тіршілікке жылу береді.
Жер ана – бүкіл тіршілікті нәрімен асырайды.
Су ана - жер жүзіне тіршілік нәрін сіңіріп, тірек болып тұрған – су.
Балалар !
Кәне , бері қараңдар,
Сабақты біз бастайық.
Үй жұмысын қиналмай ,
Лезде айтып тастайық
Сөз таптары : 1.Зат есім2. Сын есім3. Сан есім4.Етістік
5. Есімдік6. Одағай7. Үстеу8. Шылау9. Еліктеуіш с/р.
Зат есім
Адамға қатысты Жан – жануарлар мен заттарға Жалқы Жалпы
Кім ? Не ? Нелер ? Зат есім
Кімдер? Гүл , гүлдер Жекеше Көпше
Адам , адамдар
Кел, балалар , ойнайық,
Ойнайық та , ойлайық .
Қандай жұмбақ болса да ,
Шешпей оны қоймайық.
Шешуінде заттың атын білдіретін жұмбақ жасырамын. Тез шешейік «Балапан» , «Қоян»
Келесі жаттығуымыз балапан және қоян жайында болады екен.
Балапан , қоян.
400 – жаттығу. Суретке қара . Әр сөздегі заттардың санын анықта.
Сөздерді салыстырып оқы. Олардың бір – бірінен қандай айырмасы бар?
Балапан – балапандар , қоян – қояндар
Көркем жазу минуттары
Күннің реті мен тақырыптың аты жазылады.
Д д Д д
Достар
Көру диктанты
Кел, балалар, оқылық !
Оқығанды көңілге ,
Ықыласпен тоқылық !
401 – жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.
Біздің ғалым ағалар, Ашты жолды аспанға
Біздің ғалым апалар. Әлі ұшамыз алысқа,
Алыс айға марысқа.
Қарамен жазылған сөздің астын сыз . Не байқадыңдар ?
Ереже түсіндіру . Күй тыңдату.
402 – жаттығу. Көптік жалғауларының тиістісін қойып жаз. Көпше түрдегі зат есімдердің астын сыз.
Ауданда суретшілер жарысы өтті. Балалар сурет салуды жақсы үйренген. Жеңімпаздарға сыйлық тапсырылды.
Сөз ұйқасын табайық.
Қарқылдайды ... ....
Қандай мықты ... ...
403 – жаттығу. Ребусты шеш , шешуіндегі сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
Инеліктер
Тікұшақты инеліктерге ұқсатып жасаған.
404 – жаттығу. Берілген көптік жалғаулары жалғанатын сөздер тауып жаз.
-лар , - тер , - дар .
IV. Ой толғаныс . Семантикалық карта толтырамыз.
|
-лық |
- дар |
-тар |
-ші |
Оқу ... Адам ... Би ... Ағаш ... |
|
|
|
|
V .
Сөздер |
Кім? Не? |
Не істеді ? |
Қандай ? |
Қанша? Неше? |
Дәптер Ұшты Бес Әдемі Жеті Оқушы Таза |
|
|
|
|
VI. Бекіту.
Жалқы
Көпше Зат есім Жалпы
Жекеше
1. Зат есім дегеніміз не ?
2. Зат есім екіге бөлінеді : ... , ... .
3. Екі түрі болады : ... , ... .
4. Жалқы есім дегеніміз не?
5. Жалпы есім дегеніміз не?
VII. Оқушылардың білімін бағалау.
VIII. Үйге тапсырма .
405 – жаттығу . Ереже жаттау.
салкынбекова дильназ
маган бул жерде зат есмнин копше жанеде жекеше тури кажет