Азамат Әбжанов
Арқалық қаласындағы Нәзипа Құлжанова
атындағы Торғай гуманитарлық
колледжінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі
Тілім менің
(интелектуалдық сайыс)
Мақсаты: Оқушыларға жан-жақты білім бере отырып, теориялық білімдерін іс жүзінде тексеру, өткен тақырыптардан алған білімдерін қайталау, бекіту. Түрлі тапсырмалар арқылы танымдық қабілеттерін дамыту. Туған тілдің қадір-қасиетін ұғындырып, тілге, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Тіл туралы аудиожазбаны тыңдау.
Жүргізуші: Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол өзінің сан ғасырлық даму барысында халықпен бірге жасасып, талай кезеңді бастан өткерді. «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп, Ахмет атамыз айтқандай, ата-бабаларымыз аманаттап кеткен осы қасиетті тілімізді жоғалтпай, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз. Олай болса, тіліміздің алтын қойнауына тағы бір мәрте бірге үңілейік дей келе, сайысымызды бастайық.
Әділ қазылармен таныстырып өтейін:
Бүгін бізде қонақта «Қыран» тобы және «Сұңқар» тобы. Сайысты қай топ бірінші бастайтынын анықтау мақсатымен ортақ сауал қойылады. Бірінші болып жауап берген топ бастайды.
Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдерінің ішіндегі қыпшақ тобынан)
Қазіргі қазақ тілінде неше дыбыс бар? (37)
І айналым
Тұрақты сөз тіркестерін сәйкестендіру. Қыран тобының тапсырмасы экранда. Қатысушылар кезекпен жауап береді. Дұрыс жауап 1 ұпай. Уақыт 1 минут.
Мысық Ит |
арқасы қиянда |
6. Айдар Түйме Белгі |
тағу (әйгілеу) |
Күні Жұлдызы |
қарсы |
7. Еденге Алақанына Алысқа |
түкірді (іске дайын тұрды) |
Шәйнегі Зығыры |
қайнау |
8. Алаңда Басына Далада |
ат ойнатты (басынды) |
Арқасынан Аяғынан |
жел өту (азап шегу) |
9. Бүйідей Иттей Қырандай |
тиді (әлек салды) |
Зат Жақсы |
көрмеу (менсінбеу) |
10. Жер Күл Құм |
болу (ұялу) |
«Сұңқар» тобының тапсырмасы.
Жүрек Тырна |
жалғау |
Көзінен Құлағынан |
оты шықты |
Сиырға Тайға |
таңба басқандай |
Самай шашы Қолаң шашы |
тік тұрды |
Нөсер Жаңбыр |
жауды |
Қыздың Әженің |
жиған жүгіндей |
Қағаз Бармақ |
шайнау |
Бүйірімен Төбесімен |
кеңесті |
Қабақ Кірпік |
қаққанша |
Құрт Ет |
жеу |
ІІ айналым.
1) Әдемі сөздердің дұрыс айтылуын тексереміз. Айтылған сөздерді әріпке бөліп, тізбекпен тез де қатесіз айтып шығуымыз керек. Дұрыс жауап 1 ұпай.
«Қыран» тобының тапсырмасы: жиенқұрық, кемпірқосақ, ұшқыш.
«Сұңқар» тобының тапсырмасы: жерұйық, үйірме, сүңгуір.
2) Екінші айналымның екінші тапсырмасы. Екі топ бір-біріне қазақтың көнерген сөздерін жасырады. Әр топ екі көнерген сөз жасыра алады. Дұрыс жауап 2 ұпай.
1. Атсейіс деп кімді атаған? (ежелгі түркілер ат баптайтын адамды)
2. Қалықпан дегеніміз не? (қарақұс тектес құс)
3. Адалбақан дегеніміз не? (киім ілгіш)
4. Жуалдыз деген не? (үлкен ине)
3) Үшінші тапсырма әдебиет теориясынан сұрақтар. Дұрыс жауап 2 ұпай. Олай болса, кеттік, алғашқы сұрақ....тобына.
ІІІ айналым.
Олай болса, бізде үшінші айналым.
1) Берілген сөздегі әріптерді пайдалана отырып, мағыналы сөз құрастыру. Дұрыс жауап 1 ұпай. Ендеше, «Қыран» тобына берілген сөз БАЛДЫРҒАН. «Сұңқар» тобына берілген сөз АЛАСАПЫРАН. Топ мүшелері ортаға, берілген уақыт 1 минут, уақыт кетті.
2) Киножұмбақ. Экранда көрсетілген қай фильм, режиссерын атаңыз. Толық жауап 4 ұпай, жартылай жауап 2 ұпай.
1. «Жау жүрек мың бала» - режиссеры Ақан Сатаев
2. «Көшпенділер» - режиссеры Талғат Теменов
ІV айналым.
1) Мақалдың жалғасын табу. Дұрыс жауап берілмеген жағдайда әр топтың жанкүйерлері көмектесе алады. Дұрыс жауап 1 ұпай.
«Қыран» тобының тапсырмасы:
Диірменде туған тышқан...(дүрсілден қорықпас)
Ат аяғынан семірер...(адам құлағынан семірер)
Кісі қатесіз болмас...(көл бақасыз болмас)
Болған кісі болдым демес...(болдым десе болғаны емес)
Жыланның уы тісінде...(адамның уы тілінде)
«Сұңқар» тобының тапсырмасы:
Еменнің иілгені – сынғаны...(жігіттің екі сөйлегені - өлгені)
Ақылды адам айтқызбай біледі...(ақ сұңқар қаққызбай іледі)
Мал басынан байланады...(адам тілінен байланады)
Ел қазынасы көне көз...(тіл қазынасы ескі сөз)
Тау мен тасты су бұзар...(адамзатты сөз бұзар)
2) Жұмбақ жарысы. Екі топ мүшелері бір-біріне жұмбақ жасырып жарысады. Үш жұмбаққа дейін рұқсат. Дұрыс жауап 2 ұпай. Олай болса, бірінші болып жасыратын... тобы.
Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де жаяу да
Саралайсың, таңдайсың. (Жол)
Көп болса алыстайсың,
Мезетпен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады
Табарсың мұны қайсысың? (Уақыт)
Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)
Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады. (Жел)
V айналым.
1) Ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінді. Шығарманың атын, авторын атауларыңыз керек. Дұрыс жауап 5 ұпай. Дұрыс жауап болмаған жағдайда қарсылас топ жауап беру мүмкіндігіне ие болады. ... тобының тапсырмасы экранда. Назар аударайық.
Бағанадан бері әскерінен көз алмай тұрған Қасым хан осыншама жауынгер ұл берген халқына риза болып кетті.
- Мына ғажайып күшке қарап тұрып бір ойға келдім, - деді ол қайтадан жақында ғана майсары болған Онай батырға, - қазақ елі нағыз бір алмас қылыш қой, қарашы, алмас қылыштан айни ма? – Ол жарқ-жұрқ етіп, байтақ даланы дүбірлеткен қалың әскерді көрсетті.
Сұрақ: үзінді қай шығармадан, авторы кім?
... тобының тапсырмасы экранда. Назар аударайық.
Мен қазір ондамын. «Әліпті таяқ деп білмейсің» деп, ауылдың балалары мазақтай беретін еді, жазғытұрым қолыма сиыршының таяғы түсті.
- Енді естияр азамат болдың... Мына таяқты қолыңа ал, осы ауылдың сиырын енді сен бағасың! – деп ағам Айдынғали таяғын маған ұстатты да, өзі аяқ еңбек іздеп қалаға кетті.
Сұрақ: үзінді қай шығармадан, авторы кім?
2) Берілен қанатты сөздердің авторын тауып айтуларыңыз керек. Дұрыс жауап 2 ұпай. Экранға назар аударайық. ... тобына сұрақ:
«Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас» деген қанатты сөздің авторы кім? (М. Әуезов)
«Сұңқар» тобына сұрақ:
«Тілін білмеген түбін білмейді, ондай адам күлдірем деп күйдіреді, қуантам деп мұңайтады, жұбатам деп жылатады» деген қанатты сөздің авторын атаңыздар. Ғабит Мүсірепов.
3) Ән жұмбақ. Әннің аты мен орындаушысын бірдей тапқан жағдайда ғана ұпай беріледі. Дұрыс жауап 2 ұпай.
1 «Алтын бесік». Коңыр тобы
2. «Жаса, қазақ елі!»
VІ айналым.
«Қыран» тобының сұрағы:
«Сұңқар» тобының сұрағы:
1. Қазақстан мұнай өндіру бойынша ТМД елдерінің арасында 3 орында дегенге сенесіздер ме? (2 орында)
2. Әлемдегі ең үлкен көл Қазақстанда дегенге сенесіздер ме? (Каспий)
3. Қазақ әдебиеті тарихында ең көп роман жазған жазушыны білесіз бе? (І. Есенберлин. 17 роман)
2) Капитандар сайысы. Капитандар бір-бірден ортаға шығыңыздар. (бір-бір параққа жазылған сөздер беріледі). Берілген сөздерді өз топтарына жасырады. Дұрыс жауап 1 ұпай. Уақыт 1 минут.
«Қыран» тобының тапсырмасы:
«Сұңқар» тобының тапсырмасы.
Осымен сайысымыз аяқталды, баршаңызға рақмет, келесі кездескенше еліміз аман, тіліміз тұғырлы болсын!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі