Маңғыстау облысы,
Өтегенова Әйгерім Жаналықызы
ІІ санатты «Мектепке дейінгі даярлық тобы оқытушысы»
І бөлім. Жақсы адам-қатесін түсініп, түзетер, кекшіл адам - кешірмей, ерегесе берер.
Уайым. Кешірім мен кекшілдік. Әр сөзді жүрекке жақын қабылдау. Міне, осылар, кейбір адам бойында кездесетін мінездер мен қасиеттер. Адам бойындағы ең жағымсыз мінез-кекшілдік. Жалпы, жек көрушілік, өш алу, өшпенділік дегендер қандай себептерден, қандай жағдайдан кейін адам бойында қалыптаса бастайды? Қалай арылуға, өзгертуге болады?
Жалпы адамзат баласы өзін-өзі өмір бойы оқытып, тәрбиелеуге бейімделуі жөн-ақ. Өйткені, сіз өз-өзіңіздің психологысыз, әлбетте өзіңізді қандай екеніңізді өзгеден артық білесіз. Өзіңізді өзгертуге деген талпыныс адамда өмір бойы болады және оны тізгіндеу өз қолымызда. Жүре келе қалыптасқан мінездердің біразын өзгертуге, әрине, болады-мыс. Алайда, алдымен сол өзгертуге деген құлшынысты жоғалтып алмаңыз. «Менде ондай ынта, қызығушылық жоқ...»-десеңіз, сіз қателесесіз. Әркімде ынта бар, тек соны шығаруға күш салу керек. Әйтпесе, кішкентай сәби яки баланың өкініп, ұзақ ренжіп, тіпті ештеңеге қызықпай отырған кезін көріп пе едіңіз? Керісінше, олар, ересектерден «мынау не?неге олай?»-деген сұрақтармен қызығушылық танытқанын байқаймыз. Сонда бұл-адам бойында әрқашан да бар. Ал, егер талпынушылықты шығара алмасаңыз, өмір заңдылығы солай, бәрібір де бір ситуацияға тап етіп, одан сытылып шығу керектігін меңзейді және алдыңыздан кес-кестеп осылай шығып, жақсылыққа итермелейді. Бұл-әрине, өз мінезін біліп, түсінетін жандар үшін өте маңызды.
Ал, енді, кекшілдік қайдан пайда болады?
Бұл-әр сөзді көңілімізге алып, қабағымыз кірбің тартып, сөздерді соншалықты жүрекке жақын қабылдап, мән берушілерден болатын жандар. Кейбірі, үнемі мақтау сөздерді ғана көп естушілерден болуы да мүмкін. Сондай-ақ, мұндай жандар өте сезімтал, жұрттың жәй ған бетіңе тура айтып кеткен сөздерге ренжіп, өкпелейтін де болуы мүмкін. Және содан соң, ол адаммен мүлдем сөйлеспей кетуі де әбден мүмкін. Кейде тіптен, бір адамға үнемі жақсылық жасап жүріп, бір күні шамаң болмай көмектесе алмай қалсаң, мұныңызға үйренісіп қалған ол бұдан соң, мүлдем араласпай кететіні де бар. Тіпті, өмірде кейбірінде көп көмекке зәру болған жан ешкім көмек қолын созбағандықтан, осы қасиетте бойында пайда болатыны да кездеседі.Сондай сияқты түрлі жағдайлар түрткі болмақ.
Ал, қалай арыламыз, қайтсе өзгереді?
Адам бойында болмысынан келе жатқан он мінез бар, оның тоғызы-жақсы, біреуі жаман. Жаманның басын бос қоя берсен басқаларын бұзады.
Омар Ибн Әл-Хаттаб
«Көптің мен туралы не ойлайтыны маңызды емес. Мені жамандағаннан – сізге келер еш пайда жоқ. Өз сыйыңызды-өзіңіз кетіресіз!Сіз жамандады екен деп, мен қиналмаймын да! Мен күліп жүре беремін. Мені жамандап, қатырдым, деп ойламай-ақ қойыңыздар! Өмірімді сіздердің ырқыңызға көндіруге жол бермеймін. Олай бола қоймайды да!Сіздер қарсы тұра алмайсыздар! Сын айтылған сайын, мен одан сайын жігерленіп, түзеле түсемін. Жолыма түскен шаң мен тозаң-өз уақытында желмен ұшып, жаңбырмен басылады. Бұл-уақытша, өтеді де кетеді. Өздерің ақыры тынышталасыңдар, мені мойындағаннан соң. Бақытты кездерім алда!...-деп сезініңіз.Біреудің ойымен емес, өзіңе тиімді ісіңмен жүруге тиіссің. Өйткені, әркім өз ойын әр түрлі айта береді. Сен-ол, сен-мен, сен-анау да емессің, сен-бұл өзіңсің, міне осыны ұмытпасаңыз болды.
Сонда ғана бұл қасиеттерден алыс боласыз. Көркем мінезді болып, бәрін жақсы көре түсесіз, өйткені сіз бәрін де кешіре білесіз.
Ар ұяттың есігін күзеткендер,
Бір-біріңе көңілді мұз етпеңдер.
Жақсы адам ол қатесіз адам емес,
Өз қатесін түсініп, түзеткендер.
Ерегеспен шығатын есі үнемі,
Кекшіл адам сауаптан кешігеді.
Кешіріңдер адамдар бір-біріңді,
Кешіргенді Құдай да кешіреді.
Жандарбек Бұлғақов-тың сөзімен ойымды қорытамын. Сіздердің де алып-қосарыңыз бар шығар бәлкім?!
Жалғасы бар...
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі