Өлең, жыр, ақындар

Жақсылық – жан азығы

Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын

                                                           Халық мақалы

Мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: жақсылық жасаудың адами қарым – қатынастары мәнділігін түсіндіру:

         Жақсы істер жасай білуге іскерліктерін дамыту;

         Қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: оқулық, дәптер.

Шаттық шеңбер:

Оқушылар шеңбер құрып тұрады, бір- бірімен сәлемдеседі. Оларға шаттық шеңбері аясында өлең айтуды ұсынамын;

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Осы шеңбер аясында Ө.Ақыпбековтың (Өзіңді тану) өлеңін бірлесе қайталайық.

Өзіңді тану (Ө.Ақыпбекова)

Жақсы болу өзіңнен,

Жаман болу – өзіңнен

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен, өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

«Мен қандаймын» деп ойла

Өзіңді өзің қолыңа ал,

Өзіңсің – ақыл айнасы.

Тиеді саған мәні бар

Өзіңді тану пайдасы.

Сабақ тақырыбымен байланыстыру мақсатында оқушыларға сұрақтар қоямын

        1. «Жақсы болу –өзіңнен, Жаман болу – өзіңнен» - деген жолдары туралы қандай пікір айта аласыңдар.

        2. Ақынның «Жақсылық көрсең біреуден, «Мен қандаймын?» деп ойла деген сөзіне көзқарастарың қандай?

        3. Сендер кімдерге қандай жағдайларда жақсылық жасадыңдар?

        4. Сол сәтте қандай сезімге бөлендіңдер?

Балалардың жауаптарын толықтырып және сабақ тақырыбымен таныстырамын.

Жақсылық жасау дегеніміз – өздерін айтқандай адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, оларды жақындастырады, достасырады. Олардың бір-біріне деген сыйластығы артады. Өйткені қиналған сәтте алынған көмек ешқашан ұмтыламйды. Бүгін біз «Адами қарым – қатынасқа үйренейік» тарауының қорытынды сабағында жақсылық жасаудың, жақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығын тағы бір рет еске түсірейік.

  • Мәтінмен жұмыс
  • Жақсылықтың мәнін ашып түсіндіру мақсатында әңгімелеу жүргізу. Әңгіме үнтаспа арқылы таңдатылады (Үнтаспаға жазба дайындалғанда автордың сөзі бір дауыспен, жақсылықтың сөзі екінші дауыспен, жамандықтың сөзі үшінші дауыспен жазылғаны тиімді шығуы мүмкін.

                              Жақсылық пен Жамандық

Ертеде адам ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына жақсылықты, сол иығына жамандықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда жақсылық істе десе, жамандық істеме деп сыбырлайды екен. Сөйтіп адамның  бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көрді. Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны ашып: Адам ана балыққа көмектесіп жібер,- десе, Жамандық: Қой, жөніне жібер, уақытыңды алам, -дейді.

Адам әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп көмек сұрағандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға салып жібереді. Балық ризашылығын білдіріп, суда ойнақшып секіріп, құйрығын бұлғақтатып, суға сүңгіп кетеді.

Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр-шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық: Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит-құсқа жем боласың ғой дейді. Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық: Ей адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру үшін жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді, -дейді. Адам тағыда шыдай алмай балапанды алып теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ –шиқ етіп, қанатын қағып, риза болды. Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде аяғының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара жатқан құмысрсқаны көзі шалады. Құмысрсқа дәннің ожақ бұжағына шығып, қозғауға ыңғайлы ретін таба ламай, ісі өнбек келеді екен. Адам әуелі жамандықтың айтуымен сөзіне құлақ түреді. Ол: Әй адам-ау қалй ғана адамдығынан айнып кетуге әзір тұрасың. Бұл құмысрсқа өзінен үлкен дәнді  сүйреп, машақаттанып келе жатқанда қол ұшыңды көрсетіп долына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғын келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кіп-кішкене тіршілік иесінен үйренбейсің бе? – деп налынған екен. Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады. Сөйтіп Адам ата ұрпағын шақырып алып:

Міне, балам жамандыққа ерсең жаман боласың. Жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім. Үшеуінен де өттің. Разымын. Енді осылай адамдығынан айнымай, айлаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай жақсылыққа жолдас бол,- деп батасын берді. Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратын жетіп келеді екен.

Тапсырма: Оқушыларды жақсылық жасай білуге, ынталандыру мақсатында жұмыс ұйымдастырылады.

Балалар екі топқа бөлінеді. Екі  топқа екі түрлі әңгімеден үзінді беріледі. Балалар әңгіме желісі бойынша туындаған оқиғадан шығу жолдарын іздестіруі тиіс.Олар топ боп бірлесе отырып, ойланып әңгімені өз ойларымен жалғастырып айтады.                 

1-топқа. Қарлығаш пен дәуіт

2-топқа. Аю мен тышқан.

Дәптермен жұмыс: Жақсылық пен Жамандық ертегісін өз ойларымен жалғастырып жазу.

Сабақты бекіту:

Жүректен жүрекке: Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Қолдан жасалған жүрекшені ұстап тұрып тілек айтып, өзінің оң жағында тұрған балаға ұсынады. Ол оқушы да жүрекшені ұстап тұрып тілек айтып, өзінің оң жағында тұрған көршісіне береді. Осылайша барлық балалар бір-біріне жақсы тілектер айтып шығады. 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз