Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Қызылтаң орта мектебі
Мектепалды даярлық сынып мұғалімі
Байсеитова Сауле Азнабаевна
Сабақтың тақырыбы: Ұ дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты:
а\ Білімділік: Оқушыларды Ұ дыбысы және әрпімен таныстыру.
ә\ Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын және ойлау қабілеттерін арттыру.
б\ Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті: Ұ әрпінің жазылуын, оқылуын меңгерту.
Сабақтың әдісі - тәсілі: ой қозғау, сұрақ - жауап, түсіндіру.
Көрнекіліктері: суреттер, кеспе әріптер, ойыншықтар, буындар, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық:
Сәлем деймін күнге мен,
Сәлем деймін мен саған.
Сәлем деймін апайға,
Қонақтарға мың сәлем.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
- Қане, балалар біз өткен сабақты қандай дыбыспен таныстық: \Ж ж дыбысымен\
- Дұрыс айтасыңдар!
- Қане, өткен сабақты қаншалықты меңгергендеріңді білейік.
-Балалар «Бауырсақ» ертегісін білеміз бе? Ол ертегіде қандай кейіпкерлер бар? Сол кейіпкерлер бүгін бізге қонаққа келіпті. Олардың әрқайсысының өз тапсырмалары бар екен. Орындаймыз ба?
Қызығушылығын ояту. Ой қозғау.
1. Бауырсақтың тапсырмасы: «Ең, алғыр бала» дидактикалық ойыны. Бұл тапсырманы дұрыс әрі ұқыпты етіп орындасақ, әдемі бір гүлдің бейнесін құрап шығасыңдар. Гүлдің әр күлтешесінің астында суреттер берілген, сол суреттердің атауын атап, буынға бөліп күлтешені өз орнына орналастырасыңдар. Егер де, сендер берілген тапсырманы дұрыс, әрі қатесіз орындасаңдар гүлдің бейнесін құрайсыңдар.
- Жарайсыңдар, балалар!
ІІІ. Мағынаны тану. Жаңа сабақ:
Жұмбақ шешейік.
Ұя, ұлу, ұшақтың
Басын бастап беремін.
Құс, жұмыртқа, бұтақтың,
Ортасында келемін. (Ұя)
«Ұұ дыбысы мен әрпі»
- Олай болса, балалар, барлығымыз тақтаға қарап, электронды оқулықтан берілетін бейне сюжетке қарайық .
- Міне, балалар сендер Ұ дыбысы туралы тамаша бір бейне сюжетке куә болдыңдар. – Сонымен балалар, Ұ дыбысы қандай дыбыс екен? \дауысты дыбыс\
Оқулықпен жұмыс.
Дәптермен жұмыс.
Ал, балалар бүгінгі сабақта Ұ дыбысына байланысты тапсырмаларды орындайық.
Қоянның тапсырмасы. Қай дыбыстан басталады?
Бұл ойынның шарты оқушы берілген суреттерге қарай отырып, әріптер арқылы суретті сызу.
Аюдың тапсырмасы әріптерге байланысты тақпақтарын, сөздерін айту.
Дәптермен жұмыс.
- Балаларға ең алдымен, Ұ дыбысын ауада жаздыру.
- Сауат ашу дәптерінде Ұ дыбысына берілген тапсырмаларды жазу.
Қасқырдың тапсырмасы .
«Балықшы» ойыны.
Шарты: балалар аквариумнен магниттік кубиктерді қармақпен аулап алады да кубиктегі қандай әріп қандай дыбыс екенін тауып, сол әріпке сөйлем құрап әңгімелеу қажет. Мақсаты: Алған білімдерін тиянақтау, ойынға түгел қамти отырып, қызығушылығын арттыру
- Қане, балалар сергіту сәтін орындайық:
Ойын. «Орамал тастамақ».
Орамалды алған бала Ұ дыбысы бар сөз айтады, ал келесі бала ол сөзден сөйлем құрайды.
Ой толғаныс. Түлкінің тапсырмасы:
Ой толғаныс. «Сөз ойла,тез ойла.» Сөздерді пайдаланып сөйлем құрастыру, дыбыстық талдау жасау.
Ойын. «Әріптер сөйлейді» ойыны.
Ойынның шарты: Оқушы өз әрпіне сай тақпақ, сөз ойлап айтады.
ІV. Қорытынды. Сұрақ-жауап әдісімен:
V. Үйге тапсырма
VI. Бағалау.
- Әрбір тапсырманы орындау барысында смайлик арқылы бағалап отырамын. Әрбір дұрыс жауапқа 1 смайлик беріледі.
Жинаған ұпайларын санатып, жеңіске жеткен оқушыны мадақтау арқылы бағалаймын.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі