Өлең, жыр, ақындар

М.Жұмабаев «Қысқы жолда» өлеңі

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылы

Әл-Фараби атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абжанова Жулдыз Даулеткелдиевна

 

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Қазақ әдебиеті

2. Сыныбы:

3. Күні, айы, жылы: 22.01.2016 ж.

4. Тоқсан:  ІІІ

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Қысқы жолда» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:  М.Жұмабаевтың жыр әлемімен танысу, поэзияның  тереңіне бойлау, өлеңнің, сөздің  астарына, қыр-сырына мән беруге, идеясын түсініп, бағалай білуге баулу.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқулық және қосымша материалдар деректерін тиімді пайдалануға, ойын еркін айтуға, өз пікірін қорғап, айқын да  айшықты тілмен сөйлеуге дағдыландыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: портрет, тірек сызба, электронды оқулық.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих, география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:   1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                         2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                         3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

     1. М.Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңін мәнерлеп оқу, суреттеу.

ІІІ. Білім  тексеру:

 М.Жұмабаев шығармашылығы бойынша тест тапсырмаларымен жұмыстары.

ІV. Жаңа сабаққа дайындық

    1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

    2. Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

  • «Қысқы жолда» өлеңін мәнерлеп оқу.
  • Түсінік беру.
  • Мәтінмен  жұмыс.

VІ. Түсінік тексеру:

Өлеңді сатылай кешенді талдау:

«Қысқы жолда»

  1.  

5 шумақ.

21 тармақ

8 бунақ

7-8 буын

а) Эпитет «Құлағын қайшыландырып»

ә) Кейіптеу.

«Екі иінінен дем алып», «Сақ – сақ күледі, долданып», «кебін жамылып», «екі санын шапақтап».

б) Теңеу: «Аңдай ұлып»

9) Қаракөк – аттың аты.

10) Өлең табиғаттың қаталдығы адамға, малға қауіпті екендігін білдіреді.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

   Сабақты кубизм әдісімен бекіту

  • «Екі иінінен дем алып, Сақ – сақ   күледі, долданып» деген өлең жолдары қай өлеңнен алынған?
  • Қыс туралы тағы қандай ақынның өлеңін білесіңдер?
  • «Қысқы жолда» өлеңі қанша шумақтан, қанша тармақтан тұрады?
  • «Қысқы жолда» өлеңінде әдебиеттің қандай көркемдегіш құралдары кездеседі?
  • М. Жұмабаевтың қандай өлеңдері бар?
  • «Сағындым» өлеңінде ақын кімдерді сағынғанын суреттейді?

VІІІ. Сабақты  қорыту: «Кім тапқыр» ойыны.

1. Бағалау

2. Үй тапсырмасын беру.

  1. Өлеңді жаттау.

  2. Қыс туралы әңгіме жазу, сурет салу.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз