Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы
№18 А.Қосанұлы атындағы тірек мектебінің
Биология пәні мұғалімі: Ермекбаева Улбала Тургунбековна
Сабақтың тақырыбы: Моногибридті будандастыру. Мендельдің бірінші және екінші заңдары.
Сабақтың мақсаты: Моногибридті будандастыру. Мендельдің бірінші және екінші заңдары туралы түсінік беру.
Табыс критерийлері:
1. Моногибридті будандастырудағы тұқым қуалау заңдылықтары талдап, түсіне алады.
2. Г.Мендельдің заңдарына берілген есептерді шығара алады.
3. Топта, жұпта ынтымақтаса жұмыс жасай алады.
Ресурстар: интерактивті тақта, плакат, электрондық оқулық, флипчарт қағазы, маркер
Әдіс-тәсілдер: шыңға шығу, кинометафра, сөздер сөйлейді, «3-2-1» сыни тұрғыдан ойлану, топтық жұмыс, бірігіп есеп шығару
Блум таксономия |
Уакыт |
Мақсаты |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Күтілетін нәтиже |
||||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі |
3 мин |
Оқушылардың назарын сабаққа аудару |
Сәлемдесу. Сыныпты түгендеу. Топқа бөлу.
|
Сабаққа қажетті құралдарын дайындайды.Топқа бөлінеді. 1 топ. Мендельдің І-ші заңы 2 топ. Мендельдің ІІ-ші заңы 3 топ. Моногибридті будандастыру Топ басшысын сайлайды. |
Топқа емін еркін бөлінеді. |
||||||||||||||||||||||
Білу |
5 мин |
Оқып келген білімдерін пайдалану. |
Шыңға шығу әдісі арқылы сұрау. 1. Генетика ғылымы нені зерттейді? 2. Тұқым қуалаушылық? 3. Өзгергіштік? 4. Генетика терминің ұсынған ғалым? 5. Тұқым қуалаушылықты дәлелдеу үшін Г.Мендель қандай еңбек жазды. Сабақтың мақсатын хабарлау. |
Оқушылар кезектесіп жауап береді. Өз ойларын еркін айтады. Топ басшысы бағалап отырады. |
Өз пікірлерін айтады. |
||||||||||||||||||||||
Түсіну |
10 мин |
Видео ролик арқылы мағынасын ашып, сұрақтарға жауап беру. |
Кинометафра әдісі арқылы көрсету. 1.Конверттік әдіс арқылы, әр топқа сұрақтар қою. 1. Мендельдің бірінші заңы. (Біркелкілік) 2. Мендельдің екінші заңы. (Ажырау) 3. Екінші ұрпақтың өсімдіктерін есептеу нәтижесінде барлық тұқымдар қандай түстерді көрсетті. (3 бөлігі сары,1бөлігі жасыл) 4. Генотипінде бірдей аллельді гендері болатын ағза. (Гомозигота) 5. Генотипінде әр түрлі аллельді гендер бар ағза (Гетерозигота) 6. Ағзаның әр түрлі белгілерінің көрінуінің жиынтығы.(Аллельдер)
|
Видео роликті көреді. Берілген сұрақтарға жауап береді. |
Ұжымдық жұмыс. Видео роликтегі негізгі ойды түсінеді. |
||||||||||||||||||||||
Қолдану |
7 мин |
Теориялық білімін практикамен ұштастыру. |
Әр топқа есеп береді. 1 Жемісінің түсі қызыл қойбүлдірген өсімдігінің жемісінің түсі ақ қойбүлдірген өсімдігімен будандастырғанда алынатын ұрпақтың генотипі мен фенотипін анықта. 2.Сұлы өсімдігінің биік болуы –рецессивті белгі.Егер алынған ұрпақтың жартысы қалыпты , ал жартысы ұзын болса, олардың ата-ана генотиптері қандай. 3.Біркелкі түсті қарбыз рецессивті белгімен тұқым қуалайды. Ала түсті қарбыз тұқымымен екі гетерозиготалы өсімдікті будандастырғанда қандай қол тұқым алынады?
|
Топпен бірлесіп есеп шығарады. Топ басшысы бағалап отырады. |
Есептің шығарылу жолдарын үйренеді. Топтық жұмыс жасайды. |
||||||||||||||||||||||
Талдау |
5 мин |
Генетикалық шартты белгілерді білу.
|
Генетикалық шартты белгілерді қалай ажыратасындар.
|
Топпен ақылдасып айтады.
|
Топта ақылдасып, ойларын еркін айта алады |
||||||||||||||||||||||
Жинақтау |
8 мин |
Генетикалық терминдерді үш тілде меңгерту. |
«Сөздер сөйлейді» әдісі. фенотип-фенотип - Phenotype гентика-генетика - Genetics басым -доминанты - thedominant генотип-генотип - Genotype гетерозигота-гетерозигота - Heterozygote гомозигота-гомозигота - Homozygote басылыңқы-рецессивті - Retsessivtі |
Ағылшынша, орысша сөздіктерге жауап береді. |
Ағылшын, орыс, қазақша терминдік сөздерді үйренеді |
||||||||||||||||||||||
Бағалау
Үйге тапсырма
Кері байланыс
|
3 мин
2 мин
2 мин |
Өз бетінше ізденуді жетілдіру. Топты бағалау
|
Сабақтағы ең белсенді оқушы кім? Бүгінгі сабақта тез-тез жауап берген кім? Топ басшылары топ мүшелерін бағалайды.
Мендельдің тәжірибелері туралы мәлімет жинау, ата-аналардың қан топтарын біліп келу.
«3-2-1» әдісі Бүгінгі сабақтан білген үш нәрсені ата. Қиын болған екі нәрсені ата. Бүгінгі сабақта ұнаған бір нәрсені ата. |
Бағалау сұрақтарға жауап береді.
Бағалау парақшаларына топ басшылары бағалайды.
Мәлімет жинайды. Ата-аналарының қан топтарының жазып келеді.
|
Өз ойларын қалыптастыру.
Үйге берілген тапсырма жайлы түсінігі болады |
Бағалау парағы
№ |
Оқушыныңаты-жөні |
Бағалау критерийлері |
|||
|
|
Тапсырмаларды дұрыс орындауға және топтық жұмысқа, әр түрлі идеялар айтып, проблемаларды талқылауға қатысады. 3балл |
Мендельдің заңдарын біледі
4балл |
Генетикалық есептерді шығара алады
5 балл |
Жалпы балы |
1 |
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
«5» 10-12 ұпай
«4» 7-9 ұпай
«3» 4-6 ұпай
1. Жемісінің түсі қызыл қойбүлдірген өсімдігінің жемісінің түсі ақ қойбүлдірген өсімдігімен будандастырғанда алынатын ұрпақтың генотипі мен фенотипін анықта
Белгі |
ген |
генотип |
Қызыл |
А |
АА |
Ақ |
а |
аа |
Р ♀ АА х ♂ аа
Г А А а а
Ғ1 Аа Аа Аа Аа
Жауабы: фенотипі қызғылт, генотипі гетерозиготалы -Аа
2. Сұлы өсімдігінің биік болуы – рецессивті белгі. Егер алынған ұрпақтың жартысы қалыпты, ал жартысы ұзын болса, олардың ата-ана генотиптері қандай.
Белгі |
ген |
генотип |
Биік |
а |
аа |
қалыпты |
А |
Аа |
Р ♀ Аа х ♂ аа
Г А а а а
Ғ1 Аа Аа аа аа
Жауабы: ата-ана генотиптері 50% гетерозиготалы, 50% рецессивті гомозиготалы.
3. Біркелкі түсті қарбыз рецессивті белгімен тұқым қуалайды. Ала түсті қарбыз тұқымымен екі гетерозиготалы өсімдікті будандастырғанда қандай қол тұқым алынады?
а- біркелкі түсті Шешуі : Р ♀ Аа х ♂ Аа
А- ала түсті Г А а А а
Р ♀ Аа х ♂ Аа Ғ АА Аа Аа аа
т/к: Ғ-?
Жауабы: 75% ала түсті қарбыз, 25 % біркелкі түсті қарбыз.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі