Сабақтың тақырыбы : «Аққу-киелі құс»
Мақсаты: 1) Білімділік. Оқушыларға киелі құс-аққу, оның түрлері,көбеюі, тыныс-тіршілігі тура лы мағлұмат беру.
2) Тәрбиелік. Жойылып бара жатқан аққулардың түрлерін сақтап қалу, оларды аялауға тәрбиелеу.Балаларды әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу.
3) Дамытушылық. Балалардың әртістік , шығармашылық қабілетін дамыту,қоршаған ортаны қорғау.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, электрондық оқулық,Аққудың түрлері салынған суреттер үлгілері. Слайд үлгісі..
(Оқушыларға бір апта бұрын аққулар туралы материалдар жинақтау тапсырылды.)
Барысы:
( Сахна ашылғанда күмбірлеген күй әуенінде «Аққу» биі орындалады. )
(Сәкен Тұрсыбековтың күйі «Көңіл толқыны» әуені ойнап тұрады.) Күй әуенінде :
Бастаушы
Ақ, қара, қызыл түстер... Сырттай қарасаңыз,үйлеспейтін үш бояуды бір бойына жинап ,айтса тіл жетпейтін ,көрсе көз тоймайтын жауһардың жауһары,асылдың асылына айналған құдіретті сұлулық бұл!
1-оқушы
Күн құшқан айдын көлде жалғыз аққу
Қаңқылдап қанатымен сабалап су
Таранып қаранады жан-жағына
Сұлуды тасалама көк торғын бу !
2- оқушы
Тұла бойына сұлулық тұнған құс патшасы – аққу кіршіксіз тазалықтың ,қылаусыз да кінаратсыз пәктіктің символы.
3- оқушы
Күн сәулесі күлімдейді. Баяу желмен тербелген
толқын үстінде кішкене мөлдір көзі жаудырай, ұзын мойнын алға созып
а йналаға кербез қарап жүзіп бара жатқан осы бір құстың адамның жан дүниесіне тартқан сыйына тіл безеп жеткізу мүмкін емес!
4- оқушы
Абзал аққу-сағынышы дархан байтақ жерімнің
Ару аққу- ажарысың көк айдынды көлімнің
Сұлу мүсін теңдесі жоқ құс біткенің төресі
Аса қымбат біздер үшін сенің адал сенімің
5- оқушы(слайд арқылы, фотосурет арқылы жеткізеді)
Сұңқылдақ аққу Қазақстан жерінде ұялайды. Салмағы-7-13 кг, қанатының құлашы 1,5метр. Ерекше ұзын да әсем мойынын тік ұстайды. Сары тұмсығының ұшы қара түсті. Ол Қазақстанда ақпан- наурыздан қазан айының аяғына дейін болады.
6- оқушы(слайд арқылы, фотосурет арқылы түсіндіреді)
Сыбырлақ аққу да Қазақстанда соның ішінде БҚО ның су қоймалары мен өзен көлдерінен көруге болады. Олар қалың қамыс арасына ұя салып, балапандарын өргізеді. Сыбырлақ аққудың сарғыш- қызыл тұмсығының түбінде қара буылтығы болады. Мойынын иіп тұмсығын суға бағыттап ұстайды.
7- оқушы(слайд арқылы , фотосурет арқылы түсіндіреді)
Қара қудың отаны- Австралия. Ауада қалықтап бара жатқан қудың аппақ ашық түсті қауырсындары басқа қап қара дене аумағында айрықша көрінеді. Кезінде түрік сұлтандары қара қуларды сарай хауыздарында сәндікке бәсекеге ұстаған.
8- оқушы
Аққу- қаздар -ежелгі түріктер мен қазақтардың төтемі болған. Аққуды- олар “қу” деп атайды. Алтай түріктері қумандардың атамекені қумания деп атаған. Өзінің этникалық атау сақтаған алтайлықтар қу өзені бойында әліде өмір сүреді.
10- оқушы
Аққулар 3-9жұмыртқа табады. 38-45күнде балапан өргізеді. Ұясының ені 2метрге жетеді. Жұмыртқа шайқайтын -аналығы. Бұл кезде аталығының жарғақ құлағы жастыққа тимей жұбайына жем тасумен болады. Аққудың дене қызуы -41-42 0 градус, ал жүрек соғысы 260-300 болады
11- оқушы
Құс жұмыртқасының жауы- жылан. Ол жұмыртқаны көрсе бітеу жұтады, таңдамайды, талғамайды, халық арасында “жылан екеш жыланға дейін аққудың жұмыртқасына тимейді екен” дейді. Бірақ шындығына келсек аққу жұмыртқасы өте үлкен болғандықтан, жылан оны жұта алмайды.
12- оқушыАққудың балапанын- көгілдір деп атайды. Анасындай аппақ болмасада көгілдірдің көркемдігі көз тоярдай ерекше. Тіпті өспей ақ осы қалпында тұра берсе деген ой еріксіз есіңе түседі. «Бесік баласы бес түлейді» деген мақалға сай, олда 3-4 түлеп барып, шын аққуға айналады.Көгілдір 4-жасқа дейін ата анасының жанында жүреді.
Халық өлеңдері:
Айналайын, қарағым кекілдім-ай,
Балапаны аққудың секілдім-ай,
деген өлең жолдары аққуға деген адамдардың сүйіспеншілігінен туған.
«Жалғыз аққу» әні тыңдалынады (оқушы орындауында)
13- оқушы
Төрт жасында аққу толысып ,иір мойын ,қызыл аяқ,пісте мұрын,сүмбіл қанатты нағыз құс төресіне айналғанда аталық аналық болып жұп құрады.Аталық аққуды - «саһар» деп аталады.
14- оқушы
Аққулар жұп құрғанда өзге құстардай «бірде барсың, бірде жоқ жүрген емессің» ұстанымен емес, өле-өлгенше бір-біріне серік болуға уағда беретін көрінеді.
15- оқушы
Аналық аққуды атасы ұзатады екен де, аталық аққуды анасы әкеліп қосады екен.Кәдімгі құда түсіп, қыз ұзатқандай салтанат- мереке .Сол күннен бастап ,олардың жұптары жазылмайды.
16- оқушы
Аққулар күндіз бірге жайылады, бірге серуендейді, түнде біріне бірі сүйеніп ұйықтайды.Бұл кезде салмақтары 15-20 кг-ға дейін ,қанат қарымы 2метрге жетеді.
17- оқушы
Аққу -жыл құсы. Жылы жаққа қайтқанда олар өздеріне сайлап алған топ бастаушысы- көсемге еріп 8,500-9000 метр биіктікке дейін көтеріліп,сағатына 90-100 км жылдамдықпен ұшады. Аққулар 30-40жыл өмір сүреді.
18- оқушы
Аталығы мен аналығын ажырату қиын. Жалғыз айырмашылығы-көктемде аталығының тұмсық үстіндегі қара дағы ұлғайып алыстан айбат шеккендей анық көрінеді.
«Табиғатым»әні тыңдалынады(оқушы орындауында)
Бастаушы:
Аққулар өте тату құс. Басқа құстардай бажылдасып, шақ-шақ етіп ұрсысып,шоқысып ,төбелесіп, сабаласып қалу бұларға жат. Үндемейді, үнсіз түсініседі. Сұлулығы адамдарды ғана емес, өзге қанаттыларды да таңқалдыратын секілді.
19- оқушыЖанынан қос аққу өтіп бара жатқанда үйрек қаздар шетке ысырылып жол береді. Мұны әдемілікке табыну дейсіз бе , жоқ, әлде, алып құстан қаймығу дейсіз бе патша көңіліңіз білсін!
20- оқушы
Мойнын судан көтеріп, қанатын сәл ғана көтеріп қомдай бастаған тұсы -аққу біткеннің ең әсем кезі!. Мұны көруге көз керек. Екі аққу бірін-бірі үнсіз түсініп, қатар жүзіп келе жатқанда құс атаулының арасында да көп некелілері болатынын ойлаудың өзі обал сияқты.
21- оқушы
Аққулар туралы ән де, жыр да, күй де жеткілікті.Чайковскийдің «Аққу көлі», М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда»,
Н .Тілендиевтің « Аққу» атты күйі аққуға деген адамдардың сүйіспеншілігінен туған.
(Сахнада М.Мақатаевтың«Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан сахналық үзінді көрініс )
Бастаушы
Неткен құдірет! Ғажайып жыр! Ақынның арманы орындалды! Өзі өлгенімен поэзия көгінде , жыр дариясында аяулы ақынның аппақ аққу , ақ қанат құстары қалықтай самғап жүр!
22- оқушы
Мұқағали ағамыздың талантына бас иген ұлы адамдардың бірі – Нұрғиса Тілендиев.
Деп қояды Нұрекең ноталатып,
Жағаламақ жайлауын жоталатып.
Мұқағали сөзіне бір ән жаздым,
Оны дағы орындау бізге бақыт.
( Оқушы орындауында Н. Тілендиевтің «Аққу» күйі тыңдалынады.)
23- оқушы
О,құдірет, неткен шалқар күй ең сен
Бүгін менің әулием сен , ием сен !
Алпыс екі тамырда қан орнына
Тұрған сынды , киелі күй күмбірлеп! .
24- оқушы
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!
Ақ қанатын сабалап ,асыр салып .
Ойнасыншы ,ойнасын ерке құстар ,
Тыныштығын олардың қашырмалық.
25- оқушы
Жүзе берсін ару құстар табиғаттан сыр ұғып ,
Келбетімен тартып жүр жанға жайлы жылылық.
Туған өлке табиғаты аң-құсымен ажарлы
аққуларды аялау ,адам үшін аса заңғар ұлылық!
Сынып жетекшісі:
Қазақ халқы обал- сауап ,адал-арам ұғымдарын ұрпақтар бойына сіңіріп келген .Құрандағы 6666 аяттың 140-тан астамы қоршаған дүниені таза сақтауға арналған.
(Сынып жетекші мәнерлеп оқиды)
Татулықты паш етіп жүр аққу құсым-аруым,
Халқым оған оқ атпаған ,кеземеген қаруын.
Аққу келсе сағынып туған жеріне,
Жас балаша қуанған күллі аймақ, ауылым.
Аққу атқан қатыгезді халқым мүлде сүймеген
Аққу ойлап, мұңлы-зарлы күйге енем.
Тыныштығы бұзылмасын ,жазылмасын жұптары
Тазалықты , сыйластықты аққулардан үйренем,”- деп ақын жырлағандай ,аққулардай сыйластық ,достастықтарың кіршіксіз таза болсын дегім келеді!
Пайдаланған әдебиеттер:
«Биология ,география және химия » (2000,№3)
Құстар-біздің достарымыз Авт:Е. Раушанов
Электрондық оқулық
Интернет материалдары, слайд үлгілері
«Биология және салауаттылық негізі»журналының топтамалары
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі