Өлең, жыр, ақындар

Жасушадағы маңызды биополимерлер Нуклеин қышқылы және нәруыз биосинтезі

Атырау облысыҚұрманғазы ауданы

Д.Нұрпейісова орта мектебі

Наурзбаева Мейрамгуль Болатқызы

Биология пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Жасушадағы маңызды биополимерлер Нуклеин қышқылы және нәруыз биосинтезі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жасушадағы маңызды биополимерлер мен нуклеин қышқылы және нәруыз биосинтезі туралы білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде баяндау, түсініп оқу, ойлау, есте сақтау қаблеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Жасушадағы маңызды биополимерлер мен нуклеин қышқылы және нәруыз биосинтезі туралы білуге, саналылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, Сұрақ-жауап, баяндау, іздену.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, сызбалар.

Сабақтың барысы.

I- Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тескеру.

А) Ой талқы кезеңі. · Жасушаның құрамына қандай химиялық элементтер кіреді? · Жасушаның құрамындағы элементтер қандай ролатқарады? · Судың қаситеті мен құрылысының ерекшеліктері қандай? · Гидрофилді, гидрофобты қосылыстарды қалай түсінесіңдер? · Натрий, калий, фосфор тұздарының жасушадағы маңызы қандай? · Осмостық құбылысдегеніміз не?

В) Сызбаменжұмыс Элементтің атауы Тобы Ағзадағы рөлі темір магний мырыш фосфор Натрий Иод

ІІІ.Қортытындылау. «Сен маған, мен саған» оқушылар бір біріне сүрақ қояды.

ІҮ. Жаңа тақырып.

§4 Жасушадағы маңызды биополимерлер Нуклеин қышқылы және нәруыз биосинтезі. Нуклеин қышқылдары. Нуклеин қышқылдарын XIX ғасырдың екінші жартысында швейцарлық биохимик Ф.Мишер ашқан, ол жасуша ядросынан құрамында азотпен фосфоры жоғары мөлшерде болатын заттыбөліп алған. Оны алғашрет ядродан тапқандықтан (ағылш.нуклеус— ядро) нуклеинқышқылы деп атады. Нуклеин қышқылдары генетикалық ақпаратты сақтау қызметін атқарады. Нуклеин қышқылдарының екі түрі болады: дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) жәнерибонуклеин қышқылы (РНҚ). Рибонуклеин қышқылыРНҚ-ның ДНҚ-дан айырмашылығы —ол бір тізбекті полимер, оның полимерлі жіпшесі қанткалдығы рибозамен фосфор қышқылы қалдығының кезектесіп орналасуынан тұрады. РНҚ-ның әр қант қалдығына 4 азоттық негіздер жалғасқан: аденин, гуанин, цитозин және урацил (ДНҚ-дағы тиминнің орнына). РНҚ-ның негізгі үш түрі бар: ақпараттық немесе матрицалық РНҚ (аРНҚ); тасымалдаушы РНҚ (тРНҚ) және рибосомалық РНҚ (рРНҚ). аРНҚ-ның қызметі: бірнемесе бірнеше нәруыздар жайлы ДНҚ-ның генетикалық ақпаратын жазу жәненәруыздың синтезі жайлы ақпаратты цитоплазмаға тасымалдау. тРНҚ амин қышқылдарын рибосомаларға тасымалдайды, ал рРНҚ рибосоманың құрылымдық тірегін түзеді, онданәруыз синтездеу процесі жүреді. РНҚ синтезі. Генетикалық ақпаратты сақтайтын және жүзеге асыратын негізгі молекула ДНҚ молекуласы болып табылады. Белгілі уақытта белгілі ақпаратты уақытша сақтау үшін негізгі генетикалық ақпаратты көшіру қызметін ақпараттық РНҚ атқарады. Нәруыз биосинтезі. Нәруыздардың құрамы жайлы генетикалық ақпаратты сақтау және жүзеге асырудың материалдық негізі генетикалық код. Кодтау дегеніміз — ақпараттың бір түрін сақтау жәнебасқа ақпарат түріне тасымалдау. Нәруыздардың құрамындағы амин қышқылдарын қарастырайың. Нәруыздардың 20 түрлі аминқышқылынан тұратындығы белгілі. Ал ДНҚ құрамында тек қана 4 түрлі азоттық негіз болады. 

Ү. Бекіту тапсырмалары.

І. Оқулықпен жұмыс.

Сұрақтарға жауап беру. 31 бет. 

ІІ. В) Кестені толтыр. Нуклеин қышқылы зерттеуші ғалымдар Ғалымдардың еңбектері ДНК РНҚ

С) Биологиялық диктант. Нуклеин қышқылдары ең алғаш жасуша… табылды. Латынша «nykleus»…мағына білдіреді. ДНҚ молекуласының құрамына… нуклеотид кіреді. Аденин саны..............., гуанинсаны… сәйкес келеді. РНҚ молекуласының құрамына… нуклеотид кіреді

Д) Есептеп көр. · ДНҚ-ның бір тізбегінің бөлігінде нуклеотидтер қатары мынандай тәртіппенорналасқан: А-А-Г-Т-Ц-Т-А-Ц-Г-А-Т-Г-… ДНҚ молекуласының екінші тізбегін құрастыр.Егер әрбір нуклеотидтің ДНҚ тізбегіндегі орны 0,34 нм болса, осы ДНҚ молекуласының бөлігінің ұзындығы қанша. · ДНҚ молекуласының кесіндісі 20,4 нм тең. Осы кесіндіде қанша нуклеотид бар? 

ҮІ. Үйге тапсырма.: §4 Жасушадағы маңызды биополимерлер Нуклеин қышқылы және нәруыз биосинтезі.

ҮІІ. Бағалау


Пікірлер (2)

Ақеркн

Күшті ұнады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз