Сабақтың тақырыбы: Иммунитет, қан құю, қан топтары
Сабақтың мақсаты: тромбоциттердің құрылысы және олардың қан ұюдағы рөлі туралы негізгі түсінік беру
Сабақтың міндеті:
а) білімділік: адам тіршілігі үшін, организмнің тірек қан және қан жасушаларының белсенділігін, өміршеңдігін оқушыларға түсіндіре отырып, қан топтарын ажырата білуге үйрету және білім, білік дағдысын қалыптастыру
ә) дамытушылық: оқу материалдарының мазмұнын байланыстыру арқылы ой-өрісін жетілдіріп, дамыту, өз бетінше іздеуге шыңдау
б) тәрбиелік: оқушылардың бойына ұлттық рухты сіңіріп, салауатты өмір салтын құруға баулып, тәрбиелеу.
Құрал жабдықтар: интерактивті тақта, кесте – сызбалар, оқулықтағы суреттер
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: сұрақ – жауап
а) оқушылармен амандасу
ә) оқушыларды түгендеу
Деңгейлік тапсырмалар арқылы карточкадағы сұрақтарға жауап беру, сабақ сұрау және бекіту.
Иммунитет, қан құю, қан топтары.
– қабылдамау, қарсы тұру, ағзаға қорғаныш болу. Иммунитет – жұқпалы аурулар мен бөгде денеге қарсы тұру. Иммунитеттің негізін салған ғалым – И. М. Мечников. Антитела – қанда немесе ұлпада пайда болған бөгде заттарға қарсы ағзада түзілетін ерекше нәруыз.
Қан құю, қан топтары. Ағзадан қанның көп кетуі өте қауіпті. Қан құю ертеде қолға алынса да, сәтсіз аяқталған кездері болған. Бір адамның қаны, екінші адамның қанымен сәйкес келе бермейтін, тек 1900 жылы анықталған.
Қан топтары. Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді. I, II, III, IV . Қан беретін адам – донор немесе сыйлаушы, қабылдайтын адам – реципиент немесе қабылдаушы.
Адам қанының түрлі топтарындағы антигендер мен антиденелердің болуы
Қан топтары |
Эритроциттерде болатын антигендер |
Қан плазмасында болатын антиденелер |
О (I) A (II) B (III) AB (IV) |
болмайды A B AB |
α және β β α болмайды |
Қан тобы |
Оның қанын қабылдайтын топтар |
Оған қанын беретін топтар |
|
I, II, III, IV II, IV III, IV |
I, II I, III I, II, III, IV |
Резус – фактор (Rh - фактор) – адам мен макака – резус маймылының қанында болатын ерекше нәруыз. Резус – фактор деп аталу себебі бұл нәруыз алғаш рет макака – резус маймылының қанынан табылған. Егер резус- фактор. Резус – фактор ұрпақтан ұрпаққа беріледі, өмір бойы өзгермейді. Егер резус – фактор қанда болмаса – «теріс Rh», болса – «оң Rh» делінеді. Адамдардың эритроциттерінің 85 % - ында резус – фактор болады, 15%-ында резус – фактор болмайды.
Ой қозғау
1. Қан құрамы неден тұрады? (плазмадан және қан жасушаларынан)
2. Қан жасушаларын ата (эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер)
3. Иммунитет дегеніміз не, негізін салған кім? (жұқпалы аурулар мен бөгде денеге қарсы тұру. Негізін салған – И.И. Мечников)
4. Қан неге қызыл? (Себебі онда темір атомдары бар).
5. Қарсыдененің ерекшелігін ата. (ол өзінің түзілуіне себепші болған микробтарға немесе уға қарсы әсер етеді).
6. Резус – фактор дегеніміз ... (адам мен макака – резус маймылының қанында болатын ерекше нәруыз)
Оқушылардың тақырып бойынша білімін жетілдіру үшін арнайы тест сұрақтары.
1. Қан топтары қай жылы ашылды?
а) 1900 ж
ә) 1940 ж
б) 1865 ж
в) 1818 ж
2. Қан топтарын ашқан кім?
а) Мечников
ә) Ландштейнер және Янский
б) Пастер
в) Эдуард Дженнер
3. Бірінші қан тобының құрамында болады
а) ештеңеболмайды
ә) агглютиноген және эритроцит
б) агглютинин
в) эритроцит
4. Қан қабылдайтын адам -
а) донор
ә) сыйлаушы
б) реципиент
в) қан беруші
5. Екінші топты қанды қабылдайтын топтар
а) 1 және 4 топтар
ә) 2 және 4 топтар
б) 3 және 1 топтар
в) 3 және 2 топтар
а) донор
ә) реципиент
б) фагоцитоз
в) пиноцитоз
7. Универсалды донор деп қандай қан топтарын атайды?
а) І топ
ә) ІІ топ
б) ІІІ топ
в) ІҮ топ
8. Иммунитет теориясының, фагоцитоз ілімінің негізін салушы ғалым кім?
а) Э.Дженнер
ә) Л. Пастер
б) И.И.Сеченов
в) И.И.Мечников
9. Бөгде заттарға қарсы ағзада түзілетін нәруыз.
а) эритроцит
ә) антидене
б) лейкоцит
в) тромбоцит
10. Егуді алғаш қолданған ағылшын дәрігері?
а) Ч.Дарвин
ә) Л. Пастер
б) Л.Гук
в) Э.Дженнер
11.Табиғи иммунитет нешеге бөлінеді?
ә) белсенді және әлсіз
в) жүре пайда болған және белсенді
12. Адам ағзасындағы лимфа түйінделерінің саны.
а) 400
ә) 460-қа жуық
б) 300
в) 360-қа жуық
13. Егу арқылы қалыптасқан иммунитет.
а) табиғи
ә) туа біткен
б) жасанды
в) жүре пайда болған.
14. Иммунитеттің түрлерін ата
а) табиғи және жасанды
ә) туа біткенжәне тұқым қуалайтын
б) жасанды және белсенді
в) уақытша және тұрақты
15. Адамдардыңэритроциттерінің қанша % резус – фактор болады?
а) 65,5 %
ә) 85 %
б) 95%
в) 25,5%
1.Сұрақтарға жауап беру
2. Не үйрендім?
Мен білемін |
Мен білдім |
Мен білгім келеді ... |
|
|
|
Әр оқушы қан тобын дәрігерден біліп және 10 кестені дәптерге сызып келу. Тақырыпты оқып келу
Оқушылардың көрсеткен білімдеріне қарап, бағалау.
Иммунитет, қан құю, қан топтары тақырыбына реферат дайындау.
Жоспары бойынша баяндау.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі