Өлең, жыр, ақындар

Жасуша-өсімдік организмінің негізгі құрылым бірлігі. Өсімдік жасушасының құрылысы.

«СПОРТТА ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА

АРНАЛҒАН ШҚО МЕКТЕП - ИНТЕРНАТЫ» КММ

І санатты биология пәні мұғалімі

Мамырбекова Назым Зейнолдановна

Биология  6-сынып     

Сабақтың тақырыбы:   Жасуша-өсімдік организмінің негізгі құрылым бірлігі. Өсімдік жасушасының құрылысы.

Сабақтың мақсаты:  Оқушылар  жасуша пішіні, құрылысы және жасуша бөліктерінің қызметі туралы біледі.

Міндеттері:

 

Бағалау критерилері

  1. Оқушылар жасуша туралы  не білетіндерін еске түсіріп, өз ойларын айтуға дағдыланады.
  2. Оқушылар мәтінді түсініп оқуға үйренеді, мазмұнын ұғады.
  3. Мәтін бойынша  өз ойларын айтуға сараптама жасауға үйренеді, шығармашылық қабілеттерін дамытады.
  4. Түсінгендерін кесте бойынша сызып жазуға дағдыланады.
  5. Оқушылар басқаларды тыңдауды, сыйлауды үйренеді.

 

-ББҰ стратегиясымен жұмыс істеу кезінде;

-Екі жақты күнделік стратегиясымен жұмыс істеу кезінде;

-Топ ережесінің сақталуы

Қолданылатын әдістер:      ББҰ, Бағыттап оқыту, Екі жақты күнделік

Қолданылатын материалдар: Мәтін, жасуша суреті, слайд, микроскоп, препарат даярлауға қажет құралдар

Сабақтың барысы:    Ұйымдастыру

І. Қызығушылықты ояту:    -Ауызша сұрақтар

-Терме диктант

1.Микроскоп затты неше есе ұлғайтып көрсетеді?                         -100-2000 есе

2. Жасушаны ең алғаш көрген кім?                                             -Роберт Гук

3.Затты 3-5 есе ұлғайтып көрсететін құрал?                   -ұлғайтқыш қол әйнек

4.Микроскоп сөзінің грекше мағынасы?                                     -ұсақ, қараймын

5.Көру түтігінің жоғарғы жағында орналасқан ұлғайтқыш әйнек?       -окуляр                                                    

(Оқушыларды ұпай сандарына байланысты топқа бөлу)

Әр топқа тапсырма: -Микроскоптың құрылысы;

                                       -Микроскоппен жұмыс істеу тәртібі;

                                       -Микроскопқа қажетті құрал-жабдықтар;

                                       -Препарат дайындау тәсілі;

«ІІ. Мағнаны ажырату:       Стр: ББҰ     « Жасуша туралы»

Білемін

Білгім келеді

Ұқтым

 

 

 

стр. Бағыттап оқыту

а) Мәтіннің І-бөлімін оқу

-сұрақ:         -  Жасуша пішіні қандай?                      -Құрылысы неден тұрады?

-топта ой бөлісу, 1 оқушы қорғау

ә) Сұрақ: Жасуша қабықшасының ерекшелігі, атқаратын қызметі қандай?

Жасуша қабықшасы   ( -топта ой бөлісу, 1 оқушы қорғау)

Құрылысы

Қызметі

-қатты

-қалың

-жұқа (саңылау)

 

-пішін береді

-қорғаныш

-су, газ, зат алмасу

 

стр. Екі жақты күнделік

Цитоплазма

Құрылысы

Қызметі

-мөлдір- су

-қоймалжың- нәруыз, май

-тірі зат

-барлық тіршілік әрекетіне қатысады

-үздіксіз қозғалыс

Ядро

Құрылысы

Қызметі

-тығыз

-қабықшалы

-дөңгелек

-зат алмасу

-көбею

Пластид

Құрылысы

Қызметі

тек өсімдік жасушасында

-түсі бойынша 3-ке бөлінеді

Хлоропласт

Хромопласт

Лейкопласт

 

 

-жасыл түс (органикалық зат)

-қызыл, сары

-түссіз (қор жиналады)

Вакуоль

Құрылысы

Қызметі

-қабықша

-шырын

 

-зат алмасу (улы зат шығару)

-сұйықтықты жинау

Зертханалық жұмыс:  Жасуша құрылысы

ІІІ. Ой толғау:

 стр. Кішігірім дөңгелек стол

 -Жасуша бөліктері   (шапалақ белгісімен)

Стр:  Жасуша макетін құрастыру жасушаның әр бөлігінде тапсырмалар берілген.

Стр:     Екі жұлдыз, бір тілек

Үйге:   2-тақырып       Кесте: Жасуша құрылысы                                      

Бағалау:

 Стр: Сұқ саусақ (жоғары- түсіндім, көлденең- орташа деңгейде, төмен- түсінбедім)

Бағалау парағын толтыру

 

Рефлекция

Жасуша ұғымымен танысудағы екінші сабағымда оқушыларды топқа бөлуде алдыңғы сабақтардағыдай белгілі затты таңдату арқылы бөлмей, үй тапсырмасына дайындық яғни өткен жасуша туралы ұғыммен алғаш танысқандағы білімді меңгеру дәрежелеріне қарай топтастыруды ұйғардым. Оқыған бес сұрағыма жазған дұрыс  жауаптарының саны бойынша екі топқа бөлудегі мақсатым, деңгейлері жоғары оқушылар бөлек топтасып отырса орталарынан нағыз лидер көрінеді, екінші топта дайындалу деңгейлері төмен оқушылар жинақталады, олар енді өз күштеріне сеніп жұмыс істейді нәтижесінде, байқалмай жүрген лидерлер анықталады, нәтижесінде алға ұмтылдыру арқылы қабілеттерін оята түсу болды. Бірақ жаңа терминдер мен шет ел ғалымдарының атын есте сақтау оларға жеңіл еместігін олардың жұмысының нәтижесін көргенде байқадым. Сондықтан алдағы уақытта көбірек көңіл бөліп, естерінде сақтап қалатындай жұмыс ұйымдастыруым керек деген ойға келдім. Бірақ топқа бөліну кезінде жоғары ұпай жинаған оқушылар мен ең төмен ұпай жинаған жалғыз оқушыны бір топқа топтастырдым. Екінші топқа ұпай сандары біркелкі төменірек оқушылар жиналды. Осы топқа бөліну кезінде жеке отырып жұмыс жазу , қайтадан жұптық тексеру кезінде көп қимыл- қозғалыс болғандықтан, бой жазу жаттығуларын өткізбей-ақ уақыт үнемдеу үшін сабақты топтық жұмыспен жалғастыра түстім. Төменгі  ұпай жинаған топқа микроскоптың құрылысы, жоғары ұпай жинаған топқа микроскоппен жұмыс істеу ережесі туралы тапсырмалар берілді. Тапсырманы орындау барысында, диолог жұмысы сәтті өтіп жатқанын байқадым және екі топқа да топтық ереженің сақталуын ескертіп өтуім өз нәтижесін берді. Тапсырманы орындауға ортаға екі топтағы ұпай сандары төмен оқушыларды шақыруым оларға, өз білімдерін көрсетудің жақсы мүмкіндігі болса, топтар үшін ұйымшылдықтың нәтижесін көру болды. Әр жұмыстың шапалақ соғу арқылы мадақталуы оларды ынталандыра түсті. Осы микроскоппен көзге көрінбейтін өсімдік жасушасын көруге болатынын білдік, енді жасуша туралы жалпы не білеміз, есімізге түсірейік деп СТО дамытудың ББҰ стратегиясы бойынша жеке, жұптық, топтық жұмыс жүргізуде өз нәтижесін көрсетті. Жасуша туралы не білгілері келетінін әр оқушы жеке ойланып жазды және өзгелерге дауыстап оқыды.Оқушылардың жасуша туралы білгілері келетін сұранысын қанағаттандыру үшін «Бағыттап оқыту» стратегиясы тиімді көрінді. Сондықтан мәтіннің бірінші бөлімін оқытып Екі топқа екі түрлі сұрақ ұсындым, «Жасушалар пішіні қандай болады?», «Жасушаның құрылысы неден тұрады?» Оқушылардың ұтымды жауаптарынан олардың мәтінді түсініп оқығанын, топ  ұйымшылдығын байқадым. Ал жасуша қабығының қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар деген келесі сауалыма, топтық әңгіме нәтижелі жүргенін олардың дәлелді жауаптарынан көрдім. Жасуша бөліктерінің құрылысы, олардың атқаратын қызметі туралы білімді «Екі жақты күнделік» стратегиясы арқылы меңгертуді ұйғарып,  әр топқа уақытты ұтымды пайдалану мақсатында қағазға жасушаның әр бөлігінің атын жазып, оқулықпен жұмыс істей отырып оның құрылымын, қызметін жеке-жеке  жазғызуды ұйғардым. Бұл таңдаған тәсілімнің тиімді жағы оқушылар жасушаның әр бөлігі туралы жақсы түсінік алды, тиімсіз жағы уақыт көп кетті. Нәтижесінде зертханалық жұмыстың талапқа сай орындалуына уақыт жетпеді.Сондықтан алдағы уақытта осы стратегияны жинақы түрге айналдырсам деген ой түйдім. Жоғарыда аталған жұмыстардың барлығында алақанмен, саусақпен т.б мадақтаулар қөрсетіліп отырылуы, оқушыларды жігерлендіре түсетінін де байқалды. Ал «Ой толғау» бөлімінде «Кішігірім дөңгелек стол»  стратегиясын пайдалану арқылы жасуша туралы нені меңгергенін тексеруім нәтижелі шықса, жасуша макетін құрастырту арқылы білімдерін тексермек болған ойым уақыт тапшылығанан жүзеге аспады. Бірақ сабақтық өту барысын «Бас бармақ» арқылы бағалауымды сұрағанымда, оқушылар бармағының жоғары көтерілуінен сабақтың барлығына ұнағанын байқап қуандым. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы кері байланыста оқушылардың жақсы тілектерін оқып марқайсам, микроскоппен жұмыс істеуге уақыт жетпегеніне өкінетіндерін оқи отырып қиналдым. Оқушыларды бағалауда сабақ басында жазған терме диктантта жинаған ұпайлары, жаңа тақырыпты меңгерудегі үлестері туралы топ жетекшілерінің белгілеген бағалау парағын пайдаландым. Бірақ бағалау критериін жасауда әлі де көп іздену керектігін оқушыларды бағалау кезінде түсіндім.

Қорытынды:  Алдағы уақытта ғалымдардыың есімдері, жаңа термин сөздер есте қалатындай жұмыс түрін қолға алу керек:

-Білім деңгейлері бойынша топқа бөлуді алдағы уақытта да жалғастыру;

-Жаңа білімді меңгертуде тиімді стратегияларды ұтымды пайдалануды назарда ұстау:

-Уақытты сабақтың әр кезеңіне бөлу және бөлінген мөлшерден ауытқымауға дағдылану:

-Бағалау критериін дұрыс жасау;

Пән мұғалімі:  Мамырбекова Н

 

 


Пікірлер (2)

Акбаян Кайбылдаева

Өте жаксы үлкен рахмет қажетті мағлұмат алдым істеріңізге сəттілік

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз