Өлең, жыр, ақындар

Қосмекенділердің көптүрлілігі. Құйрықты және құйрықсыз

Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Манашы орта мектебі
Биология -экология пәні мұғалімі
Ильясова Анар

Сабақтың тақырыбы: Қосмекенділердің көптүрлілігі.  Құйрықты және құйрықсыз

Сабақтың мақсаты: Қосмекенділердің сан алуандығын, олардың тыныс тіршілігін, көбею ерекшеліктерін оқып үйрену

Білімділігі: Білім маңыздылығын түсініп, қажетті іс-әрекетті белсене және өз бетінше орындауға, тапсырмаларды өзі  таңдап, іздеп табуға, құр мәлімет алумен шектелмей,  сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұқбат жүргізуге, рухани және әлеуметтік жағынан білімдерін көтеру. 

Дамутышылығы: Баланың дүниетанымын кеңейтіп, рухани өсуіне, жеке тұлға ретінде өзіндік пікірін қалыптастыруға жағдай жасау.

Тәрбиелілігі: Табиғатты сүюге және қорғауға,туған елін, жерін сүюге, адамгершілікке, еңбекке, ұқыптылыққа,  жан-жануарларды аялап күтуге тәрбиелеу.

Көрнеклілігі. Үлестірмелер, плакат, жәндіктер жинақтамасы, слайд, бейнеролик, кестелер, тірек сызбалар

Сабақтың түрі. Аралас сабақ..

Пән аралық байланысы. Маңғыстау жануарлар дүниесі. Авторы: Г.А. Бейсенова, Ж. Ж. Мамаева. А. В. Кривогуз. Е. К. Искалиев. Биология 7-сынып оқулығы. Авторы: Қ. Қайым, Р. Сәтімбеков. Ә. Әметов.  Қ. Қожантаев.

Валеология. Авторы: А. С. Әділханов География, Биология, Экология орта мектепте журналы.

Сабақтың әдісі. Түсіндіру, сұрақ жауап, биологиялық диктант, кесте, СТО стратегияларының түрлері, сәйкестендіру тесті, тест сұрақтары.

Сабақтың барысы.     Ұйымдастыру кезең.

а) Оқушыларды түгендеу.

ә) Керекті құралдарын реттеу

б) Үй тапсырма сұрау.

Үй тапсырма 

Жаңа сабақ   

Өткен сабақты қорытындылау  Қосмекнділер – алғаш  құрлықта  өмір  сүруге  бейімделген төртаяқты  омыртқалы  жануарлар.Олар екі ортада: суда да, құрлықта да кездесетіндіктен, қосмекенділер деп аталады. Қосмекенділер суда көбейеді және дернәсілдері сулы ортада дамиды.

Қазіргі кезде қосмекенділердің 4 000 – нан  астам  түрі  Жер шарының тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарында кездеседі.Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі таралған.Оның 3 түрі сирек кездесетіндіктен, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.

Құйрықсыз және құйрықты қосмекенділер отряды.Денесі бас, тұлға және көбінесе бес саусақты төрт  аяқтардан тұрады.Кейбір түрлері аяқсыз және құйрықты болады.Тене тұрқы 2 – 3  сантиметрден 180  сантиметрге дейін жетеді.Қосмекенділердің терісі жұқа,тегіс және безді болып келеді.Бездерден  бөлінген сұйықтық терісін үнемі ылғалдап, тыныс алуына жағдай жасайды.Демек олар терісі арқылы да тыныс алады.

Қаңқасы балықтармен салыстырғанда күрделі, 4 бөлімге бөлінеді.Олар: Бассүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтарының және жамбас белдеуі мен артқы аяқтарының қаңқасынан құралады. Омыртқа жотасы мойын, тұлға, сегізкөз және құйрық бөлімдеріне бөлінген.Мойын мен сегізкөз бөлімдерінде бір ғана  омыртқадан болады.

Аяқтарында жеке – жеке  бұлшықеттер жақсы дамыған. Жақсүйектеріндегі ұсақ тістер мен тіл қоректі ұстауға көмектеседі.Бақа тілінің ұшы ойыс.Тілінің түбі аузының  алдына бекіген, ұшы артқа қайрылып, бос  жатады. Қорегін  ұстар кезде тілін алға қарай лақтырады. Аузы өте үлкен. Сілекей бездері ең алғаш қосмекенділерде пайда болды. Оның өзектері ауыз қуысына ашылды. Қысқа өңеші кеңейіп, қарынға, ол аш ішекке жалғасады. Аш ішекке бауырдан  келетін өт және ұйқыбездің өзектері ашылады. Тоқ ішектің соңғы бөлігі тік ішек деп аталады да, ол кеңейіп келіп, клоакаға айналады.

Дернәсілдері суда тек желбезектері арқылы тыныс алады. Ересектерінде құрлыққа шығуына байланысты өкпе пайда болған. Бірақ  өкпесі нашар дамығандықтан, теріс арқылы қосымша тыныс алады. Ауыз-жұтқыншақ қуысының қозғалуы арқылы ауа өкпеге өтеді.

Құрлықта атмосфералық ауамен тыныс алуына байланысты қан тарату жүйесінде күрделі өзгерістер пайда болған. Қосмекенділердің жүрегі үш қуысты 2 құлақша, 1 қарыншадан тұрады, екі қанайналым шеңбері бар. Қосмекенділерде алғаш рет кіші қанайналым шеңбері пайда болған. Оны өкпелік шеңбер деп те атайды.Денесіне аралас қан тарайды. Екі қанайналым шеңбері де қарыншадан басталады. Үлкен шеңбер-оң құлақшаға, ал кіші шеңбер сол жақ қүлақшаға келіп аяқталады. 

Қосмекенділер миының көлемі балықтарға қарағанда үлкендеу.Алдыңғы миы екі ми сыңарларына айқын бөлінген. Баяу қозғалуына байланысты мишығы нашар дамыған. Ортаңғы миы жақсы дамыған.

Ауыз қуысына ашылатын жұп иәс сезу қапшықтарының болуына байланысты, иіс сезу жақсы дамыған.Көзінің қасаң қабығы дөңес, көз бұршағы  екі жақты дөңес шыны пішінді. Көзінің айналасында қозғалмалы жұқа терілі қабақтары болады.Қосмекенділерде, ішкі құлақтан басқа, ең алғаш ортаңғы құлақ қуысы пайда болған. Ортаңғы құлақ қуысында бір ғана үзеңгі сүйегі болады. Оның сырты дабыл жарғағымен қапталған.Ортаңғы құлақ қуысы арнайы түтік арқылы ауыз- жұтқыншақ қуысымен де байланысты. Дәм сезуі,тері арқылы сезуі нашар дамыған.

 Қосмекенділер зиянды жәндіктермен қоректенетіндіктен, пайдалы. Кейбір түрлері:бақалар саламандрлар тағам ретінде пайдаланылады. Көл бақалар тәжрибелік зерттеу жұмыстарында кеңінен қолданылады.   Қосмекенділер ежелгі саусаққанатты балықтардан (стегоцефалдар) пайда болған.  Олардың бас сүйегі тұтасқан сүйекті сауытпен, денесі сүйекті қалқандарымен қапталған. Стегоцефалдар су жағалау ларында тіршілік еткен.  Қосмекенділер құрылысына, тіршілік әрекеттеріне байланысты  3 отрядқа бөлінеді. Олар аяқсыз, құйрықты және құйрықсыз  қосмекенділер.  Аяқсыз  қосмекенділердің 170- дей түрі Африкада, Америкада, Үндістанда, Цейлон жерінде тіршілік етеді. Солардың бірі сыртқы бейнесі құртқа және жыланға ұқсас болғандықтан сақиналы құртпошым  деп аталады.  Бұлар аяқтары жойылғандықтан, аяқсыз қосмекенділер  деп аталған.  Олар жер астында ін қазып тіршілік етуге бейімделген қосмекенділердің қарапайым тобы.Терісінде бездері өте мол. Аяқсыз басқа қосмекенділерде көз де, дабыл жарғағы да болмайды. Бұлардың  басқа қосмекенділерден ерекшщелігі –іштей ұрықтанады.  Құйрықтылар отрядына жататын  қосмекенділердің 350 дей түрі бар. Оған тритондар мен саламандрлар жатады. Дене пішіні созылыңқы әрі құйрығы айқын байқалады.  Құйрықтылар отрядына жататын қосмекендінің бірі –жетісулық бақатіс. Оны жергілікті тұрғындар «аяқты балық» деп те атайды.  Дене тұрқы 20-25 см. Оның жартысы құйрығының үлесіне сәйкес келеді. Құйрығының үстінде жал тәрізді тері қатпары бар. Басы-жалпақ, тұмсығы –доғал. Алдыңғы аяқтарында төрт, артқы аяқтарында 5 саусағы болады. Түнде белсенді тіршілік етеді. Сырттай ұрықтанады.Дернәсіл кезеңінде қыстап шығып, келесі  жылы ересек түріне айналады. Қазақстанда мекендейтін жетісулық бақатіс өте сирек кездеседі. Ол Жетісудағы Жоңғар Алатауы мен оған шекаралас Қытайдың биік таулы өзендерінддалалы,  кездеседі. Жетісулық бақатіс шағын аймақта таралғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына 1996 ж тіркелген.

Құйрықсыз қосмекенділер отряды. Бұлардың3500-дай түрлері бар .Олардың ересектерінде құйрық болмайды. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзын әрі жақсы дамыған. Секеңдеп қозғалады. Артқы саусақтарының арасындағы терілі жарғақтар жүзуге көмектеседі. Өзімізге таныс көл бақа, тоған бақасы, құрбақалар осы отрядқа жатады.

Құрбақалар тұқымдасынан жасыл құрбақа, кәдімгі құрбақа және даната құрбақасы Қазақстанда мекендейді. Жасыл құрбақа кеңінен таралған. Құрбақалардың түсі қоңырқай, тері бұдырлары айқын байқалады. Олар құрғақ далалы, кейде шөлейтті жерлерде де кездеседі. Көбіне ертеңгілік, кешкілік уақыттапрда, түнде белсенді тіршілік етеді. Зиянды бунақденелілермен  қоректеніп, ауыл шаруашылығына көп пайда келтіреді.  Даната  құрбақасы  Қазақстанның Қызыл кітабына 1996 ж тіркелген. Ол Зайсан, Балқаш, Алакөл өңірінде таралған, бірақ саны барлық жерде аз.

Бақалар тұқымдасының өкілдері дүние жүзінде кеңінен таралған. Қазақстанда бұл тұқымдастың 5 түрі мекендейді. Олар көл бақа, сүйіртұмсық бақа, шөп бақа, сібірлік бақа, қызылаяқ бақа. Қызылаяқ бақа Балқаш көлінің маңында, Шу өзенінің аймағында ғана таралған. Саны аз болғандықтан, Қазақстанның, Қазақстанның Қызыл кітабына 1996 жылы тіркелген. Олар қорғауды қажет етеді. 

Бекіту тапсырмалыры        

Бақаның сыртқы құрылысы

1 – Танау тесігі

2 – Дабыл жарғағы

3 – Резонатор

4 – Арқа – бүйір қатпарлар

5 – Клоака тесігі

Кесте толтыру

Құйрықсыз қосмекенділер отряды

 

Құйрықты қосмекенділер отряды

 

Аяқсыз қосмекенділер отряды

 

Жасыл бақа

Құрбақа

Қызыл аяқ бақа

Саламандра

Жетісулық бақа

 

құртпошым

Лездік сұрақтар

1. Қазақстанның Қызыл кітабына енген  қосмекенділердің  түрлерін   атаңдар

2.Жүрегі неше қуысты?

3.Қажетсіз заттарды шығаруға не қатысады?

Тест тапсырмалары:

1.Қосмекенділер омыртқа жотасы қандай бөліктерге бөлінген

 А)       мойын                   Б)     сегізкөз, құйрық              В)   барлығы дұрыс

2. Қосмекенділердің жүрегі неше қуысты

А)      2            Б)        3                          В)       4

3. Қосмекенділердің екі қанайналым шеңбері қай қуыстан басталады

 А)     оң жақ құлақшадан                        Б)   сол жақ құлақшадан      В)   қарыншадан

4. Қосмекенділердің үлкен қанайналым шеңбері қай қуыста аяқталады

 А)     оң жақ құлақшада                           Б)    сол жақ құлақшада     В)    қарыншада

5. Қосмекенділердің кіші қанайналым шеңбері қай қуыста аяқталады

 А)   сол жақ құлақшада           Б)    оң жақ құлақшада      В)   қарыншада

6. Қосмекенділердің баяу қозғалуы қай миға байланысты

 А)      ортаңғы                 Б)      алдыңғы ми        В)     мишығы нашар дамыған

7. Қазақстанның қызыл кітабына тіркелген құрбақа

 А)   жасыл құрбақа            Б)      кәдімгі құрбақа         В)    даната құрбақасы

8. Қосмекенділер неше отрядқа бөлінеді

А)         3                      Б)          4                В)                    5

9.Құйрықтылар отрядына жатады

А)     тритон                  Б)     даната                В)      сақиналы құртпашы

10. Көзі болмайтын қосмекенділер

А)      аяқсыз                Б)    құйрықты                 В)      құйрықсыз

 Сөзжұмбақ

1. Көп кездесетін бақалар.

2 - Қазақстанда мекендейтін бақа аты?

3 – Қосмекенділер қандай жынысты?

4 – Дернәсілдерін шөмішбалық дейді, басқаша қалай атайды?

5 – Құйрықтылар отрядына жататын қосмекенді?

6 – Құйрықсыздар отрядына жатады?

7 – Қазақстанда Қызыл кітапқа тіркелген бақа

 

Бағалау:

Үй тапсырма: Қосмекенділердің көптүрлілігі. Құйрықты және құйрықсыз қосмекенділер. Ауылымызда мекен ететін қосмекенділер жайлы баяндама жазу


Пікірлер (6)

Газиза

Сабақ жақсы дайындалыпты рахмет сізге!!

Сәуле Елмуратқызы

рақмет өте керемет

Данагул

сабағыңыз құрылымы жақсы

Дилнавоз

Просто
Супер__100%

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз