Өлең, жыр, ақындар

«Ұжымдағы қарым-қатынас» психологиялық тренинг

Қызылорда облысы,   Жаңақорған ауданы

№180 «Қызылмақташы»  орта мектебінің                                                              

психологы Бегайым Налибаева.

«Ұжымдағы қарым – қатынас» психологиялық тренинг

Тақырыбы:  Педагогикалық ұжымның қарым – қатынасы

Мақсаты: мұғалімдерді өз – өзімен, өзіндік жеке ерекшеліктерімен таныстыру, қарым- қатынастарын нығайту, ұжымда жағымды атмосфера қалыптастыру.

Қатысушылар: мұғалімдер

Қажетті құралдар: А4 форматтағы қағаздар, интерактивті тақта, түрлі –түсті бояулар, жапон әліппесі.

Трениг жоспары:

  1. Сәлемдесу  «Жапон әліппесі»  жаттығуы

 

  1. «Өзіңді білгің келсе»  жобалық тест.
  2. .«Аңдар мен жәндіктер» жаттығуы
  3. «Паравоз» ойыны.
  4. Топтық жұмыс
  5. Кері байланыс

1.Сәлемдесу   «Жапон әліппесі»  жаттығуы

А – ка     З – з      П – но    Ц – ми    Б – зу       

И – ки    Р – ши   Ч – кэ    В – ру     К – мэ  

     С – ари   Ш,Щ – хи    Г  - жи    Л – та   Т – чи                 

      Ь,Ъ,Ы – зук    Д – тэ    М – рин     У – до            

     Э – мэй    Е – ку    Н – то       Ф – лу   Ю – фу

     Ж – су     О – мо    Х – ри       Я – на

Мұғалімдер осы әліппе арқылы өздерінің есімдерін жапон тілінде қасына сын есімді косып айтып шығуы керек. Мысалы:  адемі Бегайым деген жапон тілінде катэкурин Зукужикаки.

2.«Өзіңді білгің келсе»  жобалық тест.

Мақсаты: мұғалімдер жобалық тест арқылы өздерінің  мінез- құлықтары мен  жекелік қасиеттерін біле алады.

Нұсқау:  А4  форматтағы ақ қағазға сурет салу ұсынылады.

Болған соң салынған суреттеріне қарай талданады.

Сурет салу: күн, тау, үй, ағаш, жол, жол, сақина.

Тау – дөңгелек салынса, мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш, тік мінезді. Егер аралас салынса – басында қар болса, өзгермелі адам.

Үй – суретте ағаш үй салынса, арманы орындалады. Егер бір терезе салынған болса өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын, өсекқұмар адам.

Ағаш – біреу болса өзінің жолдасына ұнайды. Егер бірнешеу болса, балаларды жақсы көреді, оларға уақыт бөліп, көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, қанша мықты әдемі салынса, сұлулыққа  соншалықты құмар.

Жол – үйге жақын жатса, жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса айналасына тарататын адам.

Сақина – көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ шақырғанды ұнатады. Көзі болса болашақты ойлайды, капитал жинайды. Неке жүзігі мықты отбасын білдіреді.

3. «Аңдар мен жәндіктер» жаттығуы

Нұсқау: Мұғалімдерге қағаз  таратылады. Мұғалімдер әр қатарға өздерінің ұнайтын аңдар мен жәндіктердің аттарын жазады. Саны алтау. Осыдан кейін әркім менің оқыған сөйлемімді тыңдайды, оқылған сөйлем арасында  өзі жазған сөздерді рет – ретімен оқып отырады, яғни өзінің кім екендігін анықтау.

Қорытынды:

  1. Мені жұрт .... деп ойлайды.
  2. Мені ...... деп ойласа екен деп ойлаймын.
  3. Дәл өзім  .....
  4. Мен жұмыста.....
  5. Жолдасыңыздың алдында.....
  6. Негізі........

4. «Паравоз» ойыны.

Мақсаты: ұжымда бір –бірімен жағымды қатынас қалыптастыру, көңіл – күйлерін көтеру.

Нұсқау: Мұғалімдер бір қатарға тұрып реттік санымен 1,2ге саналады. Екі топқа бөлініп, бірінші топ қолдарын бір рет шапалақтап, оң аяқтарын екі рет жерге қағады. Ал екінші топ  қолдарын екі рет шапалақтап, оң аяқтарын бір рет жерге қағады. Осылайша ойын жалғасады, шатасқан ойыншы өз өнерін ортаға шығып көрсетеді.

5. «Топтық жұмыс»  

 Мұғалімдер паравоз ойыны бойынша бірінші, екінші реттегі және ойыннан шатасып өнерлерін көрсеткен үш топқа бөлініп тапсырма беріледі: 1- топ плакатқа күннің арайы салынып, олар туған жерге деген тілектерін бірлесіп жазады. 2- топ плакатқа құмырадағы гүлдің суретін салып, оның жапырақтарына шәкірттеріне деген ізгі тілектерін салады. 3- топ үлкен жүрек салып, аналарға деген тілектерін жазады.  Топтық жұмыс аяқталған соң әр топтан бір мұғалім шығып постер қорғайды.

Соңында психолог ұстаздарға деген тілегін білдіріп, тренингті аяқтайды.

6. Кері байланыс. Қорытынды.

Тренингтен алған әсерлерімен бөліседі.


Пікірлер (3)

Шапағат

өте керемет әсер алады екенсің рахмет көп көп

Нурзада

Тамашаа тагы осындай тренингтер болса маган психологтин жылдык айлык жоспарлары керек ед

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар