«Дарын» мектеп – балабақша гимназиясы
Тәрбиешісі: Ходжантаева Куралай Икласовна
Ақтау қаласы 2015 жыл
Әсем безендірілген залға балалар «Ақбұлақ» - ән-сазымен бір қатармен кіріп жарты шеңбер бойына тұрады.
Хабаршы кіреді: Сүйінші! Сүйінші! Мен сендерге жаңалық ала келдім.
Жүргізуші: Ой, Тазша бала! Тезірек айтсаңшы, қандай жаңалық ала келгеніңді.
Тазша бала: Мен, сендермен амандасуды да ұмытып кетіппін гой.
Амансыңдарма балалар!
Балалар: Сәлеметсізбе
Тазша бала: Сүйінші алып келген адамға сыйлық беру керек.
Жүргізуші: Жарайды, сыйлық береміз. Жаңалығыңды айтшы тезірек.
Тазша бала: Уа, ағайын – туысқан,
Наурыз күн туды шығыстан.
Сол тойға келдім шақырып,
Ат терлетіп алыстан.
Жүргізуші: Қуанышты хабар әкелдің, рахмет. Бізде наурыз тойын тойлап жатырмыз. Ендеше біздің балалармен бірге Наурыз тойын тойлауға қалыңыз.
Тазша бала: Жарайды, қалсам қалайын.
Жүргізуші: Наурыз – жылдың басы!
Көктем басы.
Ежелден оған көзі жеткен– өткен ғасыр,
Ақ шуақ – адамзаттың мейірімі де,
Ақ жаңбыр – табиғаттың төкен жасы.
Наурыз – мұсылманның бір белеңі,
Наурыз – арулардң гүл желегі
Жер – Ана ақ халатын шешіп тастап,
Бұл күні ғажайып бір түрге енеді.
Наурыз – құт – береке, ұлыс күні,
Ұлыс күні – халқымыздың тыныштығы!
Қазақтың аспанында желбірейді,
Тәуелсіз еліміздің көк туы.
Жаннұр: Келді, көктем далаға,
Келді сұлу шағала
Аспандағы ақ құстар,
Айдын көлді аралап.
Көктем келді шуақты,
Балаларды қуантты
Алақай-ау, алақай
Көктем қандай көңілді.
Арлан: Қандай қызық көктемде,
Күн шуағын төккенде
Гүл тереміз алуан,
Шығып алып көк белге.
Көктем күні керемет,
Бар табиғат нәр алып
Шыға келер жаңарып.
Ақбота: Көктем,көктем,көктемде
Құстар келіп жеткенде.
Біз қуанып қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз.
Ән. Көктем. 8-топ балалары орындарына гүлдерін, домбыраларын апарып қояды.
9-топ балаларының өнерін тамашалайық. /ән,тақпақтар/
8-топ балалары одан әрі мерекені жалғастырады.
Аделя: Хош келдің,наурызым,ардақты
Халқым саған бар үмітін артады.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
Арыслан: Наурыз келді құт болып,
Мына бізге сүт болып.
Аққа аузымыз толады.
Бар жақсылық болады.
Жанади: Жақсылыққа бас болып,
Алдымызға ас болып.
Келген наурыз құт болсын!
Берері тағы мол болсын!
Асел: О, ағайын, ағайын
Думанға толы маңайың.
Мереке болып келіп тұр,
Наурыз айы – бал айың.
Ұлыс күні бар халық.
Бір-біріне жақындап.
Ізгі тілек тілейді.
Ниеттерін айқындап.
Зере: Ақ түйе қарны жарылды.
Наурызды елім сағынды.
Асыққан сенде сол тойға,
Барлық жұрт мұнда ағылды.
Нұрханым:Тақпақ айтам жыл басы.
Құлағың сап тыңдашы.
Бар бөбекке өзімдей.
Тыныш өмір сыйлашы.
Арлан: Жарқырап тұр күніміз,
Жайқалсын жас гүліміз.
Бақта бұлбұл сайрасын.
Мерейін төксін көкте күн.
Мерекесін көктемнің,
Бүкіл әлем тойласын.
Алмас: Жыл басы-Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.
М.Айбек: Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым!
Төрлет, бізге нұр беріп.
Шуақ шашып ақ жүзің.
Есен: Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғатта тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Алишер: Ән айтылды күні бойы,
Бұл мереке бізге ойын.
Көжесі көп,шелпегі көп,
Жақсы көрем наурыз тойын.
Жүргізуші: Ой, халайық, халайық, әсем әнге салайық, наурыз тойын көңілді, бірге қарсы алайық.
Наурыз - біздің Жаңа жыл-әні орындалады.
Жүргізуші: Қазақтың ұлттық ойынын ойнамасақ, тойдың сәні кірер ме?
Шаңырақ көтеру - ойыны
Айтыссыз мына өмірдің несі көктем,
Айтыс десе Қазекеңнің есі кеткен.
Көтеріп ел мерейін, ел еңсесін,
Көкейін тыңдаушының риза еткен.
Әсел мен Жанадиді шақырамын.
«Наурыз» айтысы.
Балалар жер көктеді, жаңарды, жаңа жыл келді.
Балалар: Жаңа жыл қалай аталады?
Жүргізуші: Ендеше ортаға 8-топ қыздарын шақырамын
Қошақаным –әнін орындап береді.
Наурыз мерекесінде бір-біріңе мейірімділік, денсаулық, бақыт тілеу дәстүрі бар емес пе. Балалар тілек тілейді.
Әке-шешеміз аман болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Бақытты болайық!
Жолымыз болсын!
Ұлыс береке болсын!
Наурыз құтты болсын!
Жүргізуші: - Уа, жараңар
Шарықтап көңілім,
Биге бір жаным басқандай.
Бишілер билей жөнелсе,
Шаттықтың нұры тасқандай- деп ортаға бишілерді шақырамын.
Қара жорға – биі.
Мынадай мейірімді сөздерден кейін жер жасыл желек пен гүлге оранады, ағаштар жапырақтан көйлек киіп, күн сәулесін төгіп, құстар ән салып жан берген тіршілікке өмір тойы - Наурыз жасай берсін! - деп ертеңгілігімізді осымен аяқтаймыз.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі