2-ші сәбилер тобының «Аналар-асыл жандар» атты ертеңгілігі.
«Дарын» балабақша гимназиясының 1-ші санатты тәрбиешісі:
Мырзағалиева Алия.
Балалар қолдарындағы гүлдерімен залға кіріп жарты шеңбер болып тұрады.
1-бала: Қарлар еріп далада,
Күн шығыпты алақай!
Күн жылынып мінекей,
Көктем келді алақай!
Бүршік атты ағаштар
Көкке оранды алаңқай
Біз ойнаймыз асыр сап
Қуанышпен алақай!
Ән «КӨКТЕМ» хормен.
2-бала: Мерекеңмен анашым!
Сыйлайыншы гүлімді,
Теріп алған даладан.
Мейрамыңыз бүгінгі
Құтты болсын анашым!
Сізге бүгін сый құрмет,
Жан анашым, мерейім,
Қаласаңыз би билеп,
Ән де салып береміз!
3-бала: Сегізінші март келді,
Шаттық сезім ап келді,
Қуанышты күнде енді,
Құттықтаймыз сіздерді!
4-бала: Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі,
Әдемі сөз адамның,
Анаға айтар лебізі!
ӘН «АПАТАЙЫМ»
Балалар орындарына отырады.
Музыкалық аспаптармен орындауда шығарма;
«Во саду ли, в огороде»
Балалардың аналарына арнаған тақпақтары.
Жүргізуші: Өлең айтып би билеп,
Бағалайды еңбегін.
Аналардың шаттығын
Құттықтайды балалар! -- енді әдемі қыздарымыз сіздерге «Қуыршақтар» биін билеп береді.
БИ; «Қ У Ы Р Ш А Қ Т А Р»
Балалардың аналарына арнаған тақпақтары;
Жүргізуші: Балалар, аяулы аналарыңмен бірге, ақ әжелеріңнің де мерекесі, әжелеріңе арнаған тақпақтарың мен өлеңдеріңді айтайық.
5-бала:
Әже деген көп шығар, Ертек қандай көп еді,
Әжедейі жоқ шығар. Күнде айтып береді.
Мейірімді бұл кісі Қуанатын балаша
Қандай әсем күлкісі Әжем менің тамаша!
6-бала;
Бар тәттіні жинаған Барған сайын бір жаққа
Балаларға сыйлаған Кәмпит әкеп береді.
Бұл әжемнің өмірі Әжем мені өйткені,
Таусылмайтын жыр маған. Өте жақсы көреді.
ӘН «ӘЖЕТАЙЫМ»
Ағылшын тілі блогы
Жүргізуші: Көктем қандай көңілді!
Күміс жаңбыр төгілді—деп қыздарымыз
«ЖАУ-ЖАУ ЖАҢБЫР» әнін айтып береді.
Жүргізуші: Енді ұлдарымыз да көңілді би билеп береді:
БИ: «БАҚАЛАР МЕН БАЛАПАНДАР»
7-бала:
Сөздерді ең аяулы
Жақсы көріп жаттадым.
Енді білдім оларды
Кімнің ойлап тапқанын,
«Ана» деген сөзді де,
«Әке» деген сөзді де,
Ойлап тапқан балалар
Жеке орындаушылардың орындауында «Топ-топ балақан» әні.
8-бала: «Күнім» «жаным» дегенді,
«Құлыншағым» дегенді,
«Ботақаным» дегенді
Ойлап тапқан балалар!
9-бала: Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі,
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Ән «АҚ АНАМ»
Балалардың аналарына арнаған сыйлықтарын табыстау.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі