Балқаш қаласы №9 қазақ орта мектебі.
Ерубаева Бақытжан Серікқызы
Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі
Тақырыбы: Қадыр Мырза Әли. «Нұр»
Мақсаты:1. Ақынның «Нұр» өлеңімен таныстыра отырып, оқушының білім-білік дағдыларын қалыптастыру. Өлең - негізгі идеясын ашу.
2. Өлеңді оқыта отырып, оқушының сөздік қорын, тіл бай лығын, ой-өрісін дамыту.
3. Адамгершілікке, табиғат сұлулығын аялап, онықорғай білуге тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа тақырыппен таныстыру сабағы.
Әдісі: Мәнерлеп оқу,тізбектей оқу, өлең құрылысына талдау.
Көр.құр: Теледидар, бейнетаспа, бейнемаг. аудиомаг.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Амандасу, түгендеу.
ә) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй жұмысын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
ҮІ. Оқулықпен жұмыс.
ҮІІ. Дәптермен жұмыс.
ҮІІІ. Тақтамен жұмыс.
ІХ. Үйге тапсырма беру.
Х. Қорытынды.
ХІ.Бағалау.
Үй жұмысын сұрау.
-Қадыр Мырза Әли кім?
-Қадыр Мырза Әлидің қандай өлеңдерін білесіңдер?
-Тұңғыш туындысы қашан шықты?
-1966 жылы қандай сыйлықпен марапатталды?
- «Түн кірпігін ілмеді» өлеңі не жайлы?
- « Түн» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
- Ақын неге далаға ұқсайды?(Ақын жас.өмір.өтк.айтады)
Тест жұмысы.
1.Аққулар ұйықтағанда поэмасының авторы кім?
а)Мұқағали Мақатаев
ә)Қадыр Мырза Әли
б)Сәкен Сейфуллин
2.Бақтығұлдың інісі?
а)Жарасбай
ә)Тектіғұл
б)Сәлмен
3. Жетім көл қай поэмада кездеседі?
а)Батыр Баян
ә)Аққулар ұйықтағанда
б)Күй аңызы
4. Күй аңызы әңгімесіндегі қыздың есімі?
а)Қатша
ә)Әсел
б)Жаңыл
5.Аруананы идірген кім?
а)Естемес
ә)Жаңыл
б)Оразымбет.
Жаңа сабақ
1) «Нұр» өлеңін мәнерлеп оқу. Сарыарқа күйі ойнап тұрады.Ал,ба-
лалар сабағымызды бастамас бұрын «Нұр» сөзіне тоқталып өтейік.
Нұр сөзі қандай мағына береді?
Оқулықпен жұмыс
а) Мәнерлеп оқу.
2-3 оқушыға өлеңді мәнерлеп оқыту.
ә) Тізбектей оқу
1.Сұрақ-жауап.
І Шумағы не жайлы?
-Бұлт келіп, жаңбыр жауғандығы жайлы.
- ІІ шумағында не суреттелген?
-Жауыннан кейінгі бау-бақшаның көрінісі суреттелген.
- ІІІ шумағында не айтылады?
-Гүлдердің құлпырып, мейірі жауған күндер туралы айтылған.
-Жалпы өлең не жайында жазылған?
-Табиғат сұлулығы жайлы жазылған.
-Бұл өлең қандай ұйқас түріне жатады?
-Ал,кәне балалар қандай ұйқас түрлері бар еді?
-Ал осы өлеңнен кейіптеуді табайықшы
-Кейіптеу дегеніміз не?
-Өлеңнен кейіптеуді атап жіберіңдерші.
-Ал,балалар осы өлең жолындағы «жүздері» деген сөздің амонимін табайық.
-Алдымен синоним дегеніміз не?
-Жауынның қандай түрлері болады?
-Ақ жауын, соқыр жауын, нөсер жауын.
Дәптермен жұмыс.
Бейнетаспадан көрген және өлеңнен алған әсерлеріңді,табиғат сұлулығын бейнелеп,ой түйін жазып жіберіңдер. (3-5 мин)
Тақтамен жұмыс.
Тақтаға өлең құрылысына талдау
Бақтың да шөлі қанады, 8а
Бақшаның дәмін жеп көрдім 8б
Жүздері жайнап қалады 8а
Жауыннан кейін шөптердің 8б
Ал балалар, бұл өлең неше бунақтан тұрады?
Неше тармақтан тұрады? Қане, айтып жіберіңдерші.
Шумақ дегеніміз не?
Бунақ дегеніміз не?
Қандай ұйқас түрлерін білесіңдер?
Бұл өлең қандай ұйқас түріне жатады?
Үйге: «Нұр» сөзі кездесетін мақал-мәтел, афоризмдер жазу, өлеңді мәнерлеп жаттау.
Қорытынды:
-Өлең не жайында?
-Ақын табиғат сұлулығын қалай суреттеген?
-Ақынның табиғатпен үндестігі туралы не айтар едіңдер?
-Ақын қандай көркем сөздер қолданған?
Бағалау.
- Сағи Жиенбаев
- Шоқан Уәлиханов
- Шоқан Уәлиханов
- Рәбиға Сыздықова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі