Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы,
Сарыкемер орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Ракулова Гүлзия Якияевна
Күні: 15.12.15
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сынып: 9 «б»
Сабақтың тақырыбы: Доспамбет жырау. «Арғымаққа оқ тиді», «Дүниенің басы сайран,түбі ойран»
Сабақтың мақсаты: ХV ғасырдың жырауы Доспамбет жырау шығармаларын меңгерту, жырау шығармаларының қазақ әдебиетіндегі орнының ерекшелігін көрсету, көркемдік ерекшеліктерін танып оқи білуге үйрету, шығарма мазмұнына әдеби талдау жасау.
Сабақтың міндеттері:
1. Жыраулар поэзиясының ерекшеліктерін түсінуге машықтанады.
2. Ойлау қабілеттері тереңдеп, шығармашылық ізденістерге дағдыланады.
3. Топтық жұмыста белсенділік таныта отырып, жыраулар поэзиясының үлгілеріне тереңінен үңіліп, сырын ашуға ынталанады.
Оқыту технологиясы: ұжымдық оқыту.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: «Миға шабуыл», «Түртіп алу», «Ой қозғау», «Конверт сұрақтар».
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:
1.Құралдар мен көрнекіліктер: маркер, А1 форматты қағаз, интерактивті тақта, Доспамбет жыраудың суреті, «Бес ғасыр жырлайды» І том,
«Жеті ғасыр жырлайды» І том.
Пәнаралық байланыс: тарих
Күтілетін нәтиже: Жыраулар поэзиясын меңгереді, шығарманы талдай білуге үйренеді, жыраулар шығармаларының тақырыбының ерекшелігін ажырата біледі.
Сабақ барысы:
Уақыты |
Жұмыстың түрлері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
2 мин. |
І Ұйымдастыру кезеңі |
Оқушыларды мозайка арқылы топтарға бөлуді ұйымдастырады. |
4-5 оқушыдан 3 топқа отырады. |
8 мин. |
ІІ Үй тапсырмасын сұрау «Миға шабуыл» әдісі |
Әр топқа өткен тақырыпқы қатысты Жаттаған өлеңнің мазмұны сұралып, талданады. |
Әр топ берілген берілген тапсырманы толғаудан үзіндіні жатқа айтып, мазмұнын талдайды. |
20 мин. |
ІІІ Жаңа сабақ «Ой қозғау» әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгерту.
Постермен жұмыс Мәтінмен жұмыс |
Доспамбет жырау туралы не білетіндерін сұрайды.
Доспамбет өмірінен мәлімет арқылы жаңа сабақты түсіндіреді.
Түсініксіз сөздермен жұмыс жасатады.
Әр топқа өлең мәтіні таратылып, мазмұнына талдауға тапсырма беріледі. |
Доспамбет жырау туралы өз білетіндерін баяндайды.
Оқушы кітаптан тыс мәліметтерді жазып алады.
Оқушылар дәптермен жұмыс жасайды.
Мәтін мазмұнымен танысады,мәтінді талдайды.
|
7 мин. |
ІV Бекіту «Конверт сұрақтар» әдісі |
Әр топқа Доспамбет жырау өмірі мен шығармасынан сұрақтар мен тапсырма беріледі. |
Оқушылар өз бетімен сұрақтар құрастырады, жауап береді. |
5 мин. |
V Қорытындылау Эссе жазу |
І-топ «Доспамбет - тарихи тұлға» ІІ-топ «Доспамбет көркемсөз құдіретін танушы» |
Жаңа тақырыптан алған білімдерін эссе жазу арқылы жинақтау. |
1 мин |
V І Үй тапсырмасы
|
1.Доспамбет шығармаларын оқу. 2.Ұнаған үзіндісін жаттау. |
Үй тапсырмасы бойынша сұрақ қояды. |
2 мин. |
VІІ Бағалау |
3-15 бал аралығында білімдерін бағалау |
Күнделіктеріне бағаларын қойғызады. |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі