Алматы облысы Қарасай ауданы
Бекболат ауылы
"Балауса" балабақшасы
"Балдырған" тобының тәрбиешісі: Курышбаева Айгерим
Санжар: Армысыздар аяулы аналар!
Райымбек: Армысыздар мейірімді әжелер!
Абзал: Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар!
Санжар: Құрметтейік балалар аналарды Бізді өмірге әкелген даналарды себебі ана деген асыл жан ғой.
Райымбек: Аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!
Абзал: Ендеше «Балдырған» тобының аруларын қарсы алайық!
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті әжелер мен аналар мен балабақшамыздың ару қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді «Балауса» балабақшасының меңгерушісі Оразова Баян Исатайқызына сөз береміз.
Жүргізуші: Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
Арамызда ару қыздарымыз Қайманхан Айлу мен Советхан Аминаның орындауында «Анашым» атты әнін қабыл алыңыздар!Жүргізуші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.
Музыка әуенімен залға (Көктем) кіреді.
Көктем: Дала гүлге бөленеді.
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда
Өйткені мен көктеммін
Құстар сайрай жөнеледі.
Шұғыламды төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын.
Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.
Жүргізуші: Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.
Көктем: Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн - әжелер мен аналар мерекесі.Олай болса өнерлеріңді тамашалайық!
Жүргізуші: Балалардың орындауында хор «Көктем келді» әнін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:Кезекті балалардың тақпақтарына берейік!
Абзал
Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар,
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар.
Санжар
«Жаным» дейсің мені,
Жаратушым – бір сен.
Жалғыз өзің, тегі,
Жанашырым білсең,
Айналайын ана!
Диана
Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып.
Амир
Ананың біз гүліміз,
Ана біздің күніміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Босшабаева Адиля
Менің анам ақылшым,
Күн секілді білгенге
Шашырайды шуағы
Үйімізге кіргенде
Нұрасыл
Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
Ән: «Анаға тілек». (Райымбек,Санжар,Абзал,Мағзи, Алихан)
Інжу:
Mom is a special word
The lovelies I every heard
These words to you,
Mommy I Iove you
Абзал, Адиля:
I like the way you look,
I like the way you cook.
Now I want to say
Happy Mother’s Day!
Айлу:
Mommy I Iove you
More than you see
You have always been there
When I need you to be
Санжар:
That is your mother.
I agree she is fine
You love your mother.
And I love mine!
Димаш, Қайырхан:
Mother, father
Sister, brother
Hand in hand
With one another
Райымбек, Диана:
I Iove mother, she loves me
We love daddy, yes seree
He loves us and so you see
We are a happy family!
Хор, тақпақ:
My dear, dear mother
I love you very much!
I want you to be happy
On the 8th of March!
Хор ән: Сүйікті анашым!
Жүргізуші: Мың бұралып билеген,
Қыздарды кім сүймеген дей отыра «Гүлдер» биімен қыздарымызды қарсы алыңыздар!
Жүргізуші: Дүниенің жарық көзі анамыз,
Дана болсақ анамен данамыз.
Тыңдаңыздар көңіл қойып ағайын,
Анаға арнап тағы бір ән саламыз.
Ән: «Апатайым анашым» (Б.Аделия,Медина)
Жүргізуші: Ақ анашым аппағым,
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге,
Балалардың тақпағы.
Сұлтан
Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай
Қажымұқан
Бізді өсірген апатай,
Еңбегіңде зор екен
Құтты болсын апатай
Құтты болсын мерекең
Медина
Аялаған саялаған,
Бар бақытым берекем
Апатайым құттықтаймын
Бүгін сенің мерекең.
Даниэль
Мақтаным апа
Шат әнім апа
Өзіңе тақпақ
Жаттадым апа.
Нұрым
Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін күнде мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен!
Жұмабай Адиля
Әлпештеген аялаған
Ақсүт берген апатайым
Тақпақ айтып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Қайырхан
Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет
Мағзи
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мерекеңмен
Құрметті біздің аналар.
Жүргізуші: Ару қыздарымыздың орындауында «Айдана» әнін қабыл алыңыздар!
( Ерғали Інжу,Жұмабай Аделия,Саден Алия)
Жүргізуші: Бүгінгі аналарымыздың ғана мерекесі емес ардақты әжелеріміздің де мерекесі. Қариясы бар үйдің ,қазынасы бар – деп бекер айтпаған. «Әжелер» әзіліне кезек берейік.
Нұрым
Ешкімнен қорқып саспайық,
Келіңдер әңгіме бастайық.
Немеренің әр түрлі,
Қылығын айтып тастайық.
Әй қыз – ау келсеңші!
Сұлтан
Немерем менің блатной
Күндіз тыным таппайды.
Видик көру керек деп,
Кешкі ұйқыға жатпайды
Нұрым
Ой-бой,сұмдық ай
Ұят екен масқара – ай.
Қажымұқан
Әй не боп жатыр? Немере дейсіңбе ?
Немерем менің кір-кір боп,
Үйдің бетін көрмейді.
Киндир сатып әпер деп,
Еш тыныштық бермейді.
Нұрым
Ой бой масқара ? Әй келсеңші,саңырау болып қалғансыңба?
Абзал
Не дейсің естілмейді?
Немерем менің теңге ге.
Үйір болып алыпты,
Жүз теңгені сағызға,
Аямай бере салыпты.
Нұрым
Ой – бой, сұмдық - сұмдық.
Алихан
Ей құрбылар не отырыс,
Немерем менің ән салса.
Махаббат деп айтады,
Қызың бар ма деп едім?
Жоқ деп басын шайқады.
( Сиырдың дауысы мө,мө,мө,мө)
Нұрым
Ой бой,Масқара?
Өрістен сиыр кепті гой.
Бізде үйге кетейік,
Немере шіркін тәп – тәтті ғой.
Барына шүкір етейік.
Жүргізуші: Немере деген балдай тәттіғой, осы ақ жаулықты әжелеріміз аман болсын!
Балалардың орындауында хор «Әжемді жақсы көремін»
Ойын: Аналар мен ойын «Сөз тапқанға қолқа жоқ» . Әр түрлі сұрақтар жасырылады аналар «А» және «Ж» әрпінен басталатын сөзбен жауап беру керек.
1. Сіздің есіміңіз?
2. Балаңызды қалай еркелетесіз?
3. Сіз жұмыс жасап отырсыз балаңыз маза бермеді не деп айтасыз?
4. Жақсы көретін мерекеңіз?
5. Сүйіп ішетін тамағыңыз?
6. Қандай санды ұнатасыз?
7. Жақсы көретін әніңіз?
Сол әннен бір шумақ үзінді.
Жүргізуші: Балалардың тақпақтары
Амина
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.
Марал.Сыйлаған маған өмірді
Анашым менің аялы
Жүрегі жұмсақ көңілді
Күн шуақты саялы
Саден Алия.Жүре берсең қасымда
Әйбат анам ай анам
Ботам деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам.
М.Алихан.Мәпелейді әлдилейді бағады
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де өзіңе де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады.
Айлу. Түн ұйқысын төрт бөліп
Әлпештеген анашым
Жақсы болсам асырып
Жаман болсам жасырып
Қамқор болған анашым
Хамза.Айналайын анашым
Аялайсын бағасың
Мен үшін не керек
Бәрін іздеп табасың
Рамазан
Ақ қабаты анашым
Күн сәулесі анашым
Әлпештеген баласын
Айналайын анашым
Ән: «Ақ мамам» Салим Диананың орындауында қабыл алыңыздар!
Би: Ұлдар биі
Жүргізуші: Кезекті балалардың тақпақтарына кезек берейік!
Райымбек
Ана өмір шырағы
Ана өмір бұлағы
Бесігімнің жыр әні
Жүрегімде тұрады.
Дінмұхамед
Біз доспыз гүлдермен
Тек оны жұлмаймыз.
Мереке күні бір бірден
Анаға сыйлаймыз
Інжу
Бал бөбегін баптаған
Мамам үшін мақтанам
Ақ бетіңнен сүйейін
Келші келші ақ мамам.
Ералтай
Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
Еркебұлан
Немересін жанындай
Әжем жақсы көреді
Қонаққа барса ұмытпай
Кәмпіт әкеп береді
Би: Ағылшын биі
Ән: Ата-аналарға слайд көрсету.
«Көктем » сән үлгісі барлық балалар.
Жүргізуші: Ана деген-асыл жандар болаттай,
Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай.
О,адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл ойды тоңалтпай
Аналар қалқып бақыт аралында
Ешқашан мұң қонбасын жанарыңа!
Құттықтау сөз! Ата-аналарға!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі